Атырау, 29 наурыз 15:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Майормен сөйлескенде орныңнан тұр!»

2 101 просмотра

15 қыркүйекте Атырауда №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Привокзальный ықшамауданындағы кафелердің бірінен майор шеніндегі әскери киім киген әйелді ұстады.

Офицер ханым қиқар мінез көрсеткен. Ол кафеге кіріп, бірден теледидарды ажыратып тастауды талап етіпті. Кафеге келушілердің екеуі теледидар көргісі келетінін айтқан. Әйел дәретханаға шығып кетіп, ал келген кезде екеуін ұялы телефонымды ұрладыңдар деп айыптаған. Сөйтіп олардан 150 мың теңге қорқытып алмақшы болыпты. Жігіттер көп ойланып жатпай, полиция шақырған. Келген жасақ үшеуін де Алмагүл ықшамауданындағы №2 полиция бөлімшесіне алып кетеді.

Полицияда 22 жастағы бұл әйелдің Қызылордадан келгені және әскери қызметке еш қатысы жоқ екендігі анықталды. 16 қыркүйекте, сот шешімімен, ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, жалған офицер форманы Астанадағы дүкендердің бірінен сатып алғанын мойындаған. Кафедегі көрініске дейін оның бес сағат бойына қала ішін таксимен аралап, содан соң жүргізушіге жеті жарым мың теңге төлеуден бас тартқандығы анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 328-бабы (өкiмет өкiлiнiң атағын өз бетiмен иелену) мен 177-бабы (алаяқтық) бойынша оған қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қыркүйек 2014, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.