Атырау, 16 сәуір 09:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Желтоқсанда бітсе жақсы

1 756 просмотра

Биыл желтоқсанда Құлсары қаласындағы Ұ.Абдрахманов көшесінен үш қабатты бес үй (әр үйде 60 пәтерден) пайдалануға берілуі тиіс. Алайда, кейбір үйлердің іргетасы әлі құйылып үлгермегеніне қарағанда, құрылыс жұмыстары уақытында бітеді деп айту қиын (суретте). 

Бұл үйлер апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары үшін салынып жатыр. Әкімдік іргетасы жерге енген жартығасырлық үйлерді жөндеуден гөрі күреп тастаған тиімді деп шешкен болатын. Осы мақсатпен биылғы жазда үш қабатты үш үй бұзылып, орнына жаңасын салуға бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, тұрғындар уақытша басқа пәтерлерге көшірілді. Жалпы сомасы 2 млрд 707 млн теңгеге (облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген) бағаланған бұл құрылыстың тапсырысшысы - Жылыой аудандық сәулет, құрылыс және қалақұрылысы бөлімі. Мердігерлер - атыраулық «АтырауВитаСервис», астаналық «Разастрой», маңғыстаулық «Аксунстройинпекс», алматылық «АрманАБК» ЖШС-тері. 

Құрылыс осы жылдың 11 наурызында басталып, 20 желтоқсанда аяқталуы тиіс. Зәулім үйлердің уақытында тапсырылатынына ауданның атқамінерлері де сеніп отырған жоқ. Аудан әкімдігі жұмыстың кешеуілдеуі мердігерлердің жайбасарлығынан болды деп есептейді. Бастысы, жұмыс күші  мен техника жетпеген.

- Мердігерлер жалдамалы жұмысшыларын алып келе алмады. Ал, жергілікті жерден ынта білдірушілер аз болды. Мердігерлер адам іздеп, уақыттан ұтылды, -дейді сәулет, құрылыс және қалақұрылысы бөлімінің мамандары.

Алайда, мердігер кестеден кешігудің себебі басқада екенін айтады: 

- Біз құрылысты бастап кетуден бұрын үйлерді күредік, орындарын тазарттық. Бұзылған дүкеннің орнына жаңасын салып бердік. Сонымен бірге бұрынғы кәріз және ауыз су жүйелерін де ауыстыруға тура келді. Осының бәріне уақыт кетті.

«АтырауВитаСервис» ЖШС-нің мастері Руслан БИСЕНОВТЫҢ айтуынша, ең көп уақыт алатын үйдің іргетасын салу істері аяқталып, енді кірпіштерді қалау жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда 30 шақты адам еңбек етуде.

- Біз осы жылдың желтоқсанында үйді тапсырамыз. Оған сенімдімін. Үлгереміз, біз салқын түскеніне қарамастан жұмысты жалғастыра береміз, - дейді «Разастрой» ЖШС-нің учаске басшысы Еркін МЕДЕТОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.