Атырау, 20 сәуір 17:24
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Гепатитті тегін емдейді

6 637 просмотра

Атырау облыстық ауруханасында гепатологиялық орталық ашылды. Қазір бізде В және С гепатитімен диспансерлік есепте 569 адам тұр.

Медициналық статистика мәліметтері бойынша, бүгінде жер бетіндегі әрбір 5-6 адам гепатит жұқтырған. Бірақ бауырдың жүйке талшықтары болмағандықтан, ауру жұқтырған адам өзінің науқас екенін білмеуі мүмкін. Өз денсаулығың туралы тегін скринингтік тексеру көмегімен білуге болады.

- Мемлекет В және С гепатитінің маркеріне скрининг өткізуге, сондай-ақ, 45-тен жоғары жастағы тұлғалар үшін бауырдың қатерлі ісігін анықтауға қаржы бөледі. Тексеруге жолдаманы соңғы 6 айда қуыс бөлігіне ота жасатқан пациенттер, қан құйдырғандар немесе тістерін емдеткендер ала алады, - дейді дәрігер-гепатолог Ағиба АЛЕНОВА.

Емдеу үшін қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді, вирусқа қарсы терапияның жылдық курсы 53 мың доллар тұрады.

Мемлекет есебінен тегін емделу бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұрын гепатитке шалдыққандар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бақылауында болатын. Енді облыстық аурухана жанындағы гепатоорталыққа көшті. Мұндай орталықтар бүкіл облыс орталықтарында әрі міндетті түрде көппрофильді емдеу мекемелерінің жанында ашылуда. Өйткені гепатитке шалдыққандар көп бапты қажет етеді. Бауыр – ағзаның биохимиялық зертханасы және егер оған зақым келсе, онда бүкіл ағза: бүйрек, жүрек, эндокриндік жүйе және т.б. зардап шегеді. Сондықтан сырқатқа бақылау жасау қолайлы болу үшін гепатоорталық штатында эндокринолог, гематолог және кез келген уақытта кеңесуге дайын басқа да мамандар жұмыс істейді. Гепатоорталықта арнайы жабдықталған кереуеттері бар күндізгі стационардың екі палатасы бар. Олар екі ауысыммен және демалыссыз жұмыс жасайды. Фондық жағдай бойынша (қант диабетімен, жүрек ауруларымен және т.б. сырқаттармен қатар ауруы салдарынан) вирусқа қарсы терапия ала алмайтындар дезинтоксикация мен базистік терапиядан өтеді. Бөлімшеде науқастар үнемі көп болады. УЗИ, зертханалық зерттеулер, басқа да қымбат тұратын тексерулер жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Қазіргі уақытта ПТР (Полимеразды тізбекті реакция)тексерісін төлеу туралы мәселе талқылануда. Орталықта тіпті фиброскан – фиброз деңгейін, яғни бауырдың Ф1-ден 4-ке дейінгі вируспен зақымдануын (цифр неғұрлым көп болған сайын, фиброз деңгейі соғұрлым жоғары болады) анықтауға мүмкіндік беретін аппарат бар. Бұрын Атырау облысының пациенттері Астрахань, Астана және Алматыға тексерілуге баратын. Фибросканмен жұмыс істеуді біздің мамандар Мәскеуде танымал Боткин ауруханасының базасында оқып-үйренген. Бағдарламаға сәйкес, 2013-2014 жылдары фиброздың ауыр түріне шалдыққан пациенттерді емдеуге қаржы бөлінеді. 2015-2016 жылдары жеңіл деңгейде бауыр жұмысы бұзылған науқастарға кезек келеді.  

- Біз Атырау облысында гепатитті емдеу тиімділігіне талдау жүргіздік, ол 43-44% шамасын құрайды. Дүниежүзілік статистикада бұл цифрлар жоғары - 50-55%, республикалық көрсеткіш 50-53%. Егер біздің мүмкіндіктерімізді ескеріп, оларды республикалық орталықтардың, сондай-ақ әлемдегі орталықтардың жұмыс жағдайымен салыстырар болсақ, онда көрсеткіш жаман емес, - дейді сеніммен Ағиба Аленова. – С гепатитінен айығып емделгеннен кейін бір жылдан соң біздің пациентіміз бақылау анализдерін тапсырып, содан кейін бір жарым жыл бақылауда болады. Осы уақыт ішінде ол онкомаркерге тұрақты анализдер тапсырып тұрады. Егер бәрі таза болса, біз оны есептен шығарамыз. Бірақ ол қажет болған жағдайда өз жағдайын тексертіп, тексеруден өте алады. В гепатиті емдеуге келмейді, бірақ терапия фиброз деңгейін төмендетіп, науқастың жағдайын жақсартуға, оның өмірін ұзартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Атырау облысындағы пациенттердің электронды дерекқорында В және С гепатитіне шалдыққан 569 адам тіркелген. оның 193-і 2011 жылдан бері ем алуда. 70 адам курстарын аяқтады, 77-сі әлі емделуде. 40 пациент түрлі себептер бойынша емді үзуге мәжбүр болған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 қыркүйек 2014, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.