Атырау, 16 сәуір 23:29
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Біріккен Альянс, Темір және Forte келешекте Forte bank деп аталатын болды – дерек көзі

1 718 просмотра

Фото: worldofad.asiaФото: worldofad.asiaАлматы. 16 қыркүйек. ҚазТАГ – Біріккен Альянс, Темір және Forte келешекте Forte bank деп аталатын болды, деп мәлім етті «Альянс банктегі» дерек көзі.

«Forte деген атты таңдағанымыз басқа банктердің қаржы нарығында жаман аты шығып қалды. Мысалы, «Темір» банкін әр кез «БТА банкінің» еншілесі деп қарастырған», - деді сұхбатшымыз телефон арқылы сейсенбі күні.

«Альянс банктің аты даулы болды. Оған қатысты сот ісі әлі күнге жалғасуда. Forte басынан бастап біздің негізгі акционеріміз Болат Өтемұратовтың қанатының астында ашылған, сондықтан да Forte bank деген атты таңдағанды дұрыс деп таптық», - деді сұхбатшымыз.

Еске салсақ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «Темірбанктегі» өзіне тиесілі және «Альянс банктегі» өзінің акцияларының бір бөлігін Б. Өтемұратовқа сату жөніндегі мәмілесін мамыр айында аяқтады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ» мен Б. Өтемұратов «Темірбанк» АҚ 79,88% қарапайым акцияларын Т35,7 млрд сомаға, сонымен қатар «Альянс банк» АҚ қарапайым және артықшылықтағы акцияларының 16%-ын Т1,5 млрд сомаға сату мәмілесін аяқтады. Қосымша «Темірбанк» АҚ 2010-2012 жылдарғы бөліске түспеген кіріс есебінен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ға Т9,1 млрд мөлшерінде дивидент төледі», - делінген таратылған хабарда.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мәміле нәтижесінде «Альянс банкте» 51% қарапайым және артықшылықтағы акцияларға ие болу арқылы бақылау пакетін өзінде қалдырды. Б. Өтемұратов «Темірбанктегі» бақылаушы акционер болды. Реттеуіш органдардың мақұлдауы екі мәміле бойынша да 2014 жылы 20 наурызда алынды.

Дереккөз: ҚазТАГ

16 қыркүйек 2014, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.