Атырау, 23 сәуір 20:54
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Мәскеу - Астана пойызынан жарылғыш зат табылды

1 552 просмотра

Түтіндеткіш құты. ©vecherkom.comТүтіндеткіш құты. ©vecherkom.comМәскеу - Астана бағытындағы пойыз вагонынан жарылғыш зат табылды, - деп хабарлайды Alau.kz. 15 қыркүйек күні  Қостанай облысы Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісінен өрттен құтқару қызметінің пультіне осындай хабар келіп түсті. Оның мәліметінше, "Қайрақ" теміржол бекетінде шекарашылар №71 пойыздың 6-вагонынан түтіндеткіш құтыны тапқан.

Өртке қарсы күрес бөлімінің жеке құрамы сағат 19.00-де дабыл бойынша аяғынан тік тұрды. "Жедел топ шақырылған жерге келді. Вагондағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. №6 вагон негізгі құрамнан ажыратылып, қоршауға алынды", -  деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға орнында ҰҚК, АІІБ, прокуратура, ЖІІБ, Шекара қызметі мамандары да жұмыс істеді.

Жарылғыш зат табылған жерге Қостанай облыстық ІІД бастығының орынбасары да келді. Саперлер түтіндеткіш құтының ешқандай қауіп төндірмейтінін анықтады.

Бұған дейін Шымкенттегі құрылыстардың бірінде жарылғыш зат табылған болатын. Жұмысшылар бір метр тереңдіктен мина тапқан. Бұл оқиға бойынша "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Табылған мина тиісті рәсімдерден соң полигондардың біріне залалсыздандыруға шығарылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 қыркүйек 2014, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.