Атырау, 20 сәуір 08:41
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Шымкентте алаяқ өзін «Самұрық-Қазынаның» топ-менеджерімін деп таныстырып, Т31 млн-ға тендерді жеңіп әперуге уәде еткен

1 793 просмотра

Фото: nur.kz Фото: nur.kz Алматы. 16 қыркүйек. ҚазТАГ – Шымкентте өзін кәсіпкерге «Самұрық-Қазынаның» топ-менеджерімін деп таныстырып, Т31 млн-ға тендерді жеңіп әперуге уәде еткен алаяқ сотталды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық сот сайты.

«21 тамыз 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы С.Құралбек Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177 бабы 4 бөлігінің «б» тармағымен айыпты деп танылды», - делінген облыстық сот сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда.

Сотталушы С.Құралбек 19 шілде 2013 жылы Шымкент қаласында алаяқтық, яғни бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі мөлшерде алу мақсатында, «Базис и К» ЖШС-нің директоры П.Атамбаевпен танысып, оған «Самұрық Қазына» ҰК-да үшінші орынбасар болып жұмыс атқарамын, құрылыс жұмыстарына тендер алғың келсе, ол менің қолымнан келеді», - деп алдап айтып, 31 000 000 теңге ақшасын алып кетіп өз пайдасына жаратқан.

Сотталушы С.Құралбек Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 177 бабының 4 бөлігі «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 3 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

Үкім заңды күшіне енген. 

Дереккөз: ҚазТАГ

16 қыркүйек 2014, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.