Атырау, 18 сәуір 20:15
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Парламентарилердің жалақысына шағымдануы халықтың ашу-ызасын туғызды». «Қашаған қанша шығынға батып отыр?». «Ресейлік саясаттанушы Қазақстанның бөлшектеніп кететінін айтты». «Діни салада жүйелі жұмыс жоқ». «Жаңа санкцияның баяу әсері».

1 917 просмотра

ALASHAINASY.KZ       «Парламентарилердің жалақысына шағымдануы халықтың ашу-ызасын туғызды» - Парламент Мәжілісінің жоғары палатасында парламентарилер жалақысын өсіруді сұраған сенатор Светлана Жалмағамбетованың бұл талабы белгілі бір деңгейде заңды да шығар. Алайда ол әлеуметтік желіні қолданушылардың ашу-ызасын бұрқ еткізген.

«Қашаған қанша шығынға батып отыр?» - Қазақстан Қашаған кен орнындағы апатты жағдайдан күн сайын 3 млн. АҚШ долларын жоғалтады екен.

«Ресейлік саясаттанушы Қазақстанның бөлшектеніп кететінін айтты» - "Ресей президенті қазақтарды ренжіткісі келмеген" деп кеше ғана орыстың елшісі-күйшісі түсініктеме беріп ақталған еді. Бірақ бұл кешірімнің ыстық-суғы басылмай жатып, ресейлік этносаясаттанушы бүйректен сирақ шығарды.

«Дәрі-дәрмектің бағамына да мемлекеттік бақылау қажет» - Кешелі бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақ елін дәрі-дәрмегі қымбат елдердің қатарына қосты

TURKYSTAN.KZ    «Табандылық танытқан Кэмерон Ресейдің өктем саясатына тосқауыл қоюды мақсаты санайды» - Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Украинаның жағдайына алаңдаушылығын білдіріп, Кремльдің Украинаға қатысты позициясын өзгертуін табанды түрде талап етумен келеді.

AZATTYQ. ORG     «Діни салада жүйелі жұмыс жоқ» - Орталық Азиядан Ирак пен Сирияға «жиһадқа аттанушыларды» зерттеп жүрген саясаттанушы Азаттықпен сұхбатында қазақстандық биліктің «дәстүрлі емес» діни топтармен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Блогер Қырымды “үлкен түрмеге” теңеді» - Қырымдық блогер Елизавета Богуцкая «Ресейге қосылған соң түбекте еркіндік азайды» дейді. Осы аптада үйіне қауіпсіздік қызметкерлері басып кірген соң ол отанынан кетуге мәжбүр болды.

«Жаңа санкцияның баяу әсері» - АҚШ пен Еуропа Одағы енгізген жаңа санкциялардың әсерін Ресей бірден емес, ұзақ уақыттан соң сезінетін болады дейді сарапшылар.

«Сириядағы соғыс ұлғайып барады» - Cириядағы қақтығыс әуелде президент Башар Асад режиміне қарсы көтерілістен басталды. Кейін мақсат-мүдделері әртүрлі қарулы топтар көбейіп, бұл соғысқа АҚШ араласқалы жағдай тіпті ушығып кетті.

ABAI.KZ   «Алтынбек Сәрсенбайұлы. Билiк үшiн кiмдер күреседi?» - 12 қыркүйек - Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні.

 

QAZAQUNI.KZ     «Білім бизнеске айналып барады» - Оқу жылының соңында ҰБТ деп шулаған жұрт, оқу жылының басында қажетті оқулыққа қолы жетпегендіктен, тағы да наразылық туғызуда.

15 қыркүйек 2014, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.