Атырау, 19 сәуір 10:28
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Той үстінде мерт болды

2 662 просмотра

8 қыркүйекке қараған түні Құлсары қаласындағы ауруханада құрсақ қуысынан пышақ жарақатын алған 24 жастағы ер адам қайтыс болды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г.МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, тойда күйеу жігіттің ата-анасы аңғалдықпен меймандарға сувенир пышақтар сыйлаған. Сол пышақтардың бірі қылмыс қаруына айналды.

Тойдан кейін күйеу жігіттің достары салтанатты жалғастыру үшін оның үйіне барады. Сол жерде екі жігіт керісіп қалып, аулаға шығып, төбелеседі. Олардың ізінше үшінші жігіт шығып, екеуін айыра бастайды. Сол кезде төбелесушілердің бірі оған пышақ салып алады.

ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағы (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

12 қыркүйек 2014, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.