Атырау, 23 сәуір 12:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Күтім жасауға ақша қажет

1 573 просмотра

10 қыркүйекте облыстық мәслихаттың 24-ші сессиясында көгалдандыру шаралары туралы қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ баяндама жасады.

Оның айтуынша, ағымдағы жылда Атырау қаласының көшелерінде 2 419 шаршы метр гүлзарлар мен 5 263 шаршы метр бұталар қоршауы отырғызылған. Осы мақсатта 77,4 млн теңге жұмсалыпты. Мұнымен қатар қала мен қала маңындағы поселке көшелерін көгалдандыруға 170 млн теңге бөлінген.

Мэр депутаттардан жасыл көшеттерді ағымдық күтім жасауға бөлінетін қаржыны көбейтуді өтінді. Өйткені осы бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемі бірнеше жыл бойына өзгермеген. Ал жас ағаштарды отырғызу алаңы 4,8 есеге, тірі қоршаулар бұтасы мен газондар алаңы 3,4 есеге артқан.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 қыркүйек 2014, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.