Атырау, 20 сәуір 01:49
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Достың рухына арнау

2 563 просмотра

Адам тірі тұрған кезінде онымен өмір әлі алда әрі ұзақ болып көрінетіндей сөйлесесің. Және ол өмірден өткенде ғана барып бірге өткізген әрбір сәттерді еске түсіресің. 7 қыркүйекте Алматы ауруханасында инфарктың салдарынан біздің досымыз Мәлік Әбдімірұлы Исабеков – белгілі философ, педагог және қоғам белсендісі өмірден озды.  

Ауыр сырқат оны ортамыздан жұлып әкетті. Ол өмірді сондай жақсы көрді! 

Ол Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің түлегі, Алматының бірнеше жоғары оқу орындарында тарихтан, философиядан, әлеуметтанудан сабақ берген. 

2000-жылдардың басында он жыл Атырауда жүрген Мәлік Әбдімірұлы ұстаздық қызмет пен қоғамдық жұмысқа белсене араласты, жергілікті және республикалық БАҚ-тармен бірлесіп жұмыс істеді. Жүйелі түрде іссапарлармен ел ішіне, шетелдерге шығып, танымал отандық және шетелдік қоғам қайраткерлерімен, саясаткерлермен кездесіп, студенттерге дәріс оқыды. 

Табиғатынан жұмсақ, мейірімді және зиялы адам еді. Ол лауазымы мен жай-күйіне қарамастан бәріне бірдей құрметпен қарайтын. Кәсіби философ әрі педагог ретінде ол шынында да өз айналасына ізгілік нұрын төгіп тұратын, игі істерге жақын болатын.  Ол астарлы әзілдерді жақсы айтатын. Атырау баспасөзінің арасында әлі күнге дейін Мәлік Әбдімірұлының  афоризмге айналған сөздерін дәйексөз ретінде келтіріп отырады: «Менің журналистерден айырмашылығым, мен өз ойымды жазғаннан гөрі ауызша жақсы жеткіземін. Сіздер - керісінше».

Онымен қашанда, қайда жүрсең де қызық болатын – тыңдармандардың үлкен аудиториясында да, санаулы достардың ортасында да, өйткені, ол өзінің өмірге деген сүйіспеншілігімен ынтықтыратын. 

Оның мерейтойы қарсаңындағы кенеттен болған орны толмас қазасы қабырғамызды қайыстырып кетті – 11 қыркүйек күні Мәлік Әбдімірұлы Исабеков 60 жасқа толар еді...

Қош бол, дос! Біз үшін сенің орның үңірейіп тұрады.

Б. Қарашин, М. Хәкімов, С. Өтепқалиев, А. Досалиев, Б.Әбуов, А.Гончаров, А. Тонкопрядченко, Ұ. Тналиев және басқалар

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.