Атырау, 23 сәуір 16:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Жұлдыздарға қара» - мүмкіндігің мол

1 892 просмотра

2-топ мүгедектері атыраулық Әйгерім ӘЛИЕВА мен Қызылқоға ауданының тұрғыны Нұртас ЕСЕНЖАНОВ «Даму» қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры жүзеге асырып жатқан «Жұлдыздарға қара» жобасының аясында өз бизнестерін дамытуға гранттар алды.

Миялылық Нұртас 2-топ мүгедегі, ол тірек-қозғалыс аппаратының ауыр сырқатымен ауырады. Бірақ сырқаты аяқ киім жөндейтін шағын шеберхана ашу үшін кедергі болмады. Қол жеткізген жетістігіне тоқтамастан Нұртас өз шеберханасын кеңейтуді ұйғарып, «Дамуға» өтініш берді. Грант оған жұмыс жасау үшін арнайы кресло, тігін машиналарын, бұрғы және басқа да жабдықтар сатып алуға мүмкіндік берді.

Әйгерім Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжін ағылшын тілінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірген. Қазір ол Досмұхамедов атындағы АМУ-де оқуын жалғастыруда. Бойжеткен жұмысқа орналасуға тырысқанымен, мүмкіндіктері шектеулі жандарды жұмысқа ықылассыз қабылдайтынын түсінген. Сол кезде ол оқушыларды үйден оқыта бастаған. Бұл - ол үшін табыс табудың жалғыз ғана мүмкіндігі болатын. Күн сайын ниет білдірушілер көбейе берді. Әйгерім жеке сабақтар өткізуге үлгермейтін болды. Осылайша, топтық форматта ағылшын тілін оқыту идеясы пайда болды. Оған «Мүгедек әлемі» ҚБ орынжай ұсынды. Грант қаржысына ол жұмыс жасау үшін ноутбук, принтер, тақта және кеңсе тауарларын сатып алды.

Естеріңізге салсақ, 2009 жылдан бастап «Даму» қоры мүгедек кәсіпкерлерді қолдайтын «Даму-Көмек» бағдарламасын жүзеге асырған болатын. Соның шеңберінде мүгедектер өздерінің кәсіпкерлік қызметтері үшін қажетті техника мен жабдықтар алды. Ал, «Құс жолы» қорының «Жұлдыздарға қара» жобасы Қазкоммерцбанктің қолдауымен 2005 жылдан бері жүзеге асып келеді. Ол да мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған. 2012 жылдың наурызынан бастап осы екі қор біріккен жобаны іске қосты. Биыл жоба қоры 16 млн теңгені құрайды. Грант сомасы бір адам үшін – 100 мың теңге, алайда, қажет болған жағдайда бұл соманы 200 мың теңгеге дейін көбейту мүмкіндігі бар. Конкурс екі раундта өтеді. 1 қыркүйектен 26 қазанға дейінгі аралықта грантқа қосымша өтініштер қабылдау жүргізіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.