Атырау, 20 сәуір 18:17
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оқиғалар тізбегі

2 686 просмотра

Қыркүйектің 2-сі күні таңертең Жарсуат ауылының тұсындағы Атырау-Индер тас жолында 60 жастағы ер адам автогрейдер дөңгелегінің астына түсіп, оқиға орнында көз жұмды. Марқұм жол жөндеумен айналысқан болатын. 

***

 

Қыркүйектің 2-нде тал түсте Элеваторный көшесінің бойындағы өндірістік база аумағынан белгісіз біреу 881 мың теңге сомада циркулярлық ара мен құрылыс материалдарын қолды еткен. Күдікті іздестірілуде.

***

 

Қыркүйектің 3-нде таңертеңгі сағат 8-де Геологта «Лада-Приора» мен «Дэу-Нексия» көліктері соқтығысты. «Лада» жүргізушісі өз оппонентін ұрған. Жауап алынғаннан кейін бұзақы босатылды.

***

 

Қыркүйектің 3-нде сағат 10-да Лесхозда су полициясы «Лада» көлігін тоқтатып, 36 жастағы көлік жолаушысы - Дамбы ауылының тұрғынына тиесілі 21 келі бекіре балығының екі пакетін тауып алды.Тексеру жүргізілуде.

***

 

Келесі күні таңертең Рембазда су полициясы «Лада» көлігін тоқтатты. Оның жүк салғышынан бір центнер бекіре еті табылды. Жүк Атырау қаласының тұрғыны, 30 жастағы көлік жолаушысына тиесілі екен.

***

 

Қыркүйектің 3-нде сағат 20-дан 22-ге дейінКурилкино ауылындағы үйдің ауласынан «ральф» тұқымды ит ұрланған. Қожайындар зиянды 100 мың теңге деп бағалады. Ұрлық жасаған күдікті анықталды, оған іздеу жарияланды.

***

 

Жұмыскер-2 поселкесінің 54 жастағы тұрғыны жұмысқа орналастыруға уәде берем деп үш адамды алдағандығы туралы полицияға мойындау жауабын берді. Күдікті 600 мың теңгені олжа қылған. Ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Полицияға Атырау қаласының 47 жастағы тұрғыны шағымданды. 4 қыркүйекте сағат 14-те подъезден өзіне тиесілі «Старт» велосипеді ұрланыпты. Ұрлық жасады деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды. Қылмыстық іс жеңілдетілген тәртіппен сотқа жолданды.

***

 

Криминалдық полиция №14 автобустың салонынан 24 жастағы қыздың сөмкесінен Айфон ұрлаған 29 жастағы күдіктіні ұстады. Тексеру жүргізілуде. 

***

 

Полиция «Киа-Рио» көлігінің салонынан ішінде 14 мың теңгесі бар әмиянды ұрлады деген күдікпен қаланың 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ұрлық 1 қыркүйекте таңертең Баймұханов көшесінің бойындағы сауда үйінің алдында орын алған. Заттай айғақтар алынды. Ұсталушы басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Қыркүйектің 7-іне қараған түні  Махамбет ауданының Бейбарыс ауылынан 6 шақырым қашықтықта орналасқан ЖШС базасынан белгісіз біреулер 60 метр шланга мен жаңа сорғыны қолды қылған.Зиян 387 мың теңгені құрады. Полиция 23 жастағы Бейбарыс ауылының екі тұрғынын ұстады. Заттай айғақтар алынды. Жігіттер басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Полицияға Махамбет ауданының Жалғансай ауылының тұрғыны шағымданды. 7 қыркүйекке қараған түні белгісіз біреулер оның көлікжайын бұзып, 33 мың теңге сомасындағы құрал-саймандарын, дәнекерлеу агрегатын, дрель, болгаркасын ұрлап кеткен.Ұрлық жасады деген күдікпен зардап шегушінің 22 жастағы ауылдасы ұсталды. Ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.