Атырау, 29 наурыз 18:56
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Аудан жаңалықтары

1 487 просмотра

Томанға газ келді

Исатай ауданындағы Томан елді мекеніне көгілдір отын желісін тарту қызу жүріп жатыр.

Мұнда 80-ге жуық үй бар. Әкімдік газ тарту қараша айына дейін аяқталатынын айтып отыр.

***

 

 

Шатырлар жаңарды

Құлсары қаласындағы газшылар ықшам ауданындағы екі қабатты екі үй мен Дүйсенбеков көшесіндегі бір үйдің шатырларына күрделі жөндеу жүргізілді.

Шатырларды жаңалауда «Болат жол», «Сичим», «Ариадна» ЖШС-тері демеушілік көмек еткен.

***

 

 

Кәсіпкерлер көбейді 

Индер ауданында он бір кәсіпкер шағын бизнес ашу үшін банктен 28 млн 800 мың теңге несие алған.

Олардың арқасында ауданда көлік тасымалдау қызметі және полиграфия, тігін, көлік жөндеу цехтары пайда болды.

***

 

Жылыойда мұғалім тапшы

Жылыой аудандық білім бөлімінің мәліметі бойынша,аудан мектептерінде ұстаздар жетіспейді.

Жаңа оқу жылының қарсаңында аудан мектептеріне62 мұғалім жұмысқа қабылданған, оның алтауы -«Дипломмен - ауылға» бағдарламасымен жұмысқа келген жас мамандар. Бірақ, соның өзінде, ауданға тағы да 60-қа жуық мұғалімқажет. Әсіресе, математика, физика, биология, технология пәндерінің мұғалімдері.Қазір аудан мектептеріндегі ұстаздардың басым бөлігінің зейнеткерлікке шығуы жақын. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.