Атырау, 19 сәуір 13:33
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қызметіне адал болмады

2 496 просмотра

Афиныдағы Олимпиада ойындарына қатысушы, «“Атырау”су спорты түрлері бойынша облыстық командасы» КМҚК директоры Виталий ХАНҒА және команданың кадрлар бөлімінің инспекторы Алма НҰРҒАЗИЕВАҒА қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін үкім шығарылды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың көктемінде қаржылық тексеру қорытындысы бойынша осы адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру бюджет қаржыларының ұрланғанын анықтады. Бұрынғы директорға ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-тармағы («Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану») бойынша, ал кадрлар бөлімінің инспекторына 176-бабының 2-тармағының «в» тармағы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша айып тағылды.

- Сотта олардың командаға өз туыстары мен жақын таныстарын жұмысқа жалған жолмен алып, жалақыларын иемденгені дәлелденді. Бұдан басқа, тергеу ісі іссапар шығындарын есептеуде көптеген қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады, - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ. - №2 қалалық сотының судьясы Элеонора ОҢҒАРСЫНОВА, ұсынылған дәлелдерді зерттеп, куәгерлердің жауаптарын тыңдады. Сотталушылардың кінәсін толықтай дәлелденді деп есептеп, В.Ханға оның спорттағы еңбегін және мемлекетке тигізген 1,5 млн теңге зиянды өтегендігін ескеріп, 500 АЕК (926 мың теңге) айыппұл төлеу жазасын берді. Нұрғазиева да жарты миллион теңге зиянды өтеп, зардап шегуші тараппен – Атырау облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен ымыраласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 қыркүйек 2014, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.