Атырау, 20 сәуір 17:26
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ардагерлерге - кепілдіктер

2 568 просмотра

– Менің бауырым, ауған соғысының ардагері, ірі компанияда жұмыс жасайды. Есеп бөлімі одан табыс салығын ұстап, еңбекке жарамсыздық бетшесін төмендетілген тариф бойынша – жалақының 20 пайызын төлейді. Басқа ауған ардагерлері өздерінің салықтан босатылғанын және оларға еңбекке жарамсыздық бетшесін толықтай төлейтіндігін растап отыр.

Телефон арқылы

 

Сұраққа Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат ИШАЙ комментарий берді:

– «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР Заңының (әрі қарай - Заң) 6-бабына сәйкес, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер жатады.

Заңның 11-бабының 25-тармағына сәйкес, соғысқа қатысушыларға әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде жұмыс өтіліне қарамастан жалақысының 100 пайызы мөлшерiнде уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленеді.

Сұраққа салық департаменті басшысының орынбасары Жамбыл СҰРАҒАНОВ жауап берді:

– ҚР Салық кодексінің 156-бабының 13-тармағына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілген адамдардың; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдардың республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары алып тасталады.

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР заңына сәйкес, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар деп бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ, Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер танылады.

Еңбекке жарамсыздық бетшесі бойынша жәрдемақы төлеу «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ, оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен реттеледі. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға жәрдемақы еңбек қабілетін жоғалтқан алғашқы күннен бастап орташа айлық жалақының 100 пайызы мөлшерінде төленеді.

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.