Атырау, 25 сәуір 22:38
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстан үкіметі геосаяси қауіптерді ескере отырып, бірқатар экономикалық сценарий әзірлеп жатыр

1 391 просмотра

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZАстана. 2 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан үкіметі геосаяси қауіптерді ескере отырып, бірқатар экономикалық сценарий әзірлеп жатыр, деп хабарлады Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Менің тапсырмам бойынша үкімет экономиканы дамытудың барлық сценарийлерін ескере келе бірқатар шаралар әзірлеп жатыр. Бізде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты іс-қимыл жоспары бар. Дамудың барлық нұсқаларын қарай келе, үкіметке мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыруды қысқартпау тапсырылды», - деді Н.Назарбаев сейсенбіде V шақырылымның IV парламенттік сессиясы барысында.

«Бүгінде біздің апдымызда қиын міндеттер тұр. Бізге шешім қабылдауда кешігуге болмайды. аяғымызды басқан сайын қиындықтарға тап болып жатырмыз, оны сезініп те жатырмыз. Уақыт аз, қимылымызды жеделдетуіміз керек. Бүгінде өзгеріп жатқан геосаяси қауіптерді ескере келе экономикалық саясатты қалыптастыру керек. Соған байланысты жаңа мүмкіндіктер тууда», - деді ол.

Н.Назарбаевтың айтуынша, қол жеткен даму деңгейін сақтап, өндірістің және тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендеуінің алдын алу маңызды.

«Сіздер өздеріңіз де жақсы білесіздер, Қазақстан экспортының негізгі өнімдерінің бағасы өте қатты құбылып тұр, оны біз сезініп те жатырмыз, ал бұл ел бюджетіне түсетін кірістің төмендеуіне алып келеді.Және Ресейге, Ресейден Батысқа қолданылып жатқан санкциялар, және басқалары да әсер етеді, себебі кедендік кеңістікте, Бірыңғай экономикалық одақта біз бұл қысымдарды сезінетін боламыз, себебі олар біздің негізгі сауда әріптестеріміз. Дегенмен біз, үкімет қазір мұнымен айналысып жатырмыз», - деп жалғастырды ол.

Мемлекет басшысы Қзақстанда елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін қажет резерв пен мүмкіндіктері бар деп атап өтті.

«Біз үшін қауіпті ештеме жоқ деп санаймын, бізде тұрақтылық бар, мүмкіндіктер бар, тиісті резервтер бар. Оларды әрине, басқаша пайдаланған жөн, десек те біз елдегі әлеуметтік жағдайды тиісті деңгейде ұстайтын боламыз», - деп аяқтады ол. 

Дереккөз: ҚазТАГ

2 қыркүйек 2014, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.