Атырау, 29 наурыз 04:09
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ҚР президенті парламент үшін қабылдануы тиіс басым заңдарды белгілеп берді

2 458 просмотра

Фото: kapital.kzФото: kapital.kzАстана. 2 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. ҚР президенті парламент үшін қабылдануы тиіс басым заң жобаларын белгілеп берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«IV сессиясының барысында басым бағыт ретінде келесідей заң жобаларын қарастыру керек. Біріншіден: парламент қарауында жер қойнауын пайдалану туралы заң жобасы жатыр. Оның қабылдануы жер қойнауын пайдалануды оңтайландырады, әкімшілік кедергілерді азайтады, қабылданған шешімдердің ашықтығын қатмасыз етеді», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні парламенттің V шақырылымының IV сессиясының ашылуында.

Оның пікірінше, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы ерекше мәнге ие. «Бүгін АӨК дамуы да заңнамалық қамтамасыз етуде қажет етеді. Үкімет АӨК-дегі өндірісті арттыруға бағытталған салық заңнамасына өзгерістер блогын дайындаған. Осы күзде аталған заң жобасы парламент мәжілісіне енгізілуі тиіс», - деді елбасы.

Одан басқа, ол үкіметке жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң жобасын дайындауды тапсырды.

«Қазір парламент қарауында автономдық білім мекемелерінің аккадемиялық басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы жатыр. Үкімет пен депутаттарға осы мәселеге мұқият қарау керек. Бізде ол реформаны білім мекемелерінің жетекшілері өткенді сағыну деп ұқпауы керек, яғни олар автономды болғандығы себепті ойына келгенді істеуге болады деп ұқпауы керек», - деді президент.

Сондай-ақ Н. Назарбаев үкіметке биылғы қыркүйек айында парламентке білім мәселесі саласына қатысты заң жобасын енгізуді тапсырды. Ол дуальдық жүйедегі жоба кәсіпорындарды тәжірибеден өтуді міндетті түрде қарастырады.

«Халықтың көші-қонына қатысты заң жобасы да басым ретімен қарауды талап етеді. Үкіметке аталған заң жобасын жыл соңына дейін енгізуді тапсырамын», - деді ол. 

Дереккөз: ҚазТАГ

2 қыркүйек 2014, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.