Атырау, 19 сәуір 14:41
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Құбайдуллиннің отбасы қатаң жазалау бабын талап етеді

3 564 просмотра

Мақсот ТӨЛЕНБАЕВ.Мақсот ТӨЛЕНБАЕВ.29 тамызда қаржы полициясы ұстаған, кейін салынып жатқан құрылыс ішінде өлі табылған Исатай АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИН Полицейдің өлімі: қылмыстық іс қозғалды» мақаласын қараңыз) отбасының адвокаты Мақсот ТӨЛЕНБАЕВ ашық аспан астында үшінші баспасөз конференциясын өткізді.

Адвокаттың айтуынша, облыстың арнайы прокуратурасы А. Құбайдуллиннің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Қаржы полициясы департаментінің екі қызметкері – тергеуші мен шұғыл бөлімнің бастығына ҚР ҚК-нің 308-бабы 2-тармағы («Құзіретін асыра пайдалану») бойынша айып тағылды.

- Біз мұндай нәтижеге риза емеспіз. Өйткені, бастапқыда ҚР ҚК-ның 346-бабы («Заңсыз ұстау») бойынша қылмыстық іс қозғалған. ҚР ҚК-ның 102-бабы («Өзіне-өзі қол жұмсауға мәжбүрлеу») бойынша қылмыстық іс дәлел болмауына байланысты жабылып қалды. Заңсыз ұстау факті болғанын ешкім жоққа шығармайды. Алайда прокуратура полицейдің өлімі мен оны ұстау арасында еш байланыс жоқ дейді.

Мен себепті байланыс бар деп есептеймін. Егер қаржы полициясының офицерлері ұстау хаттамасын толтырып, үш сағат ішінде уақытша ұстау оқшаулағышына қамағанда, өлім болмайтын еді. Сонымен қатар, Құбайдуллинге заңсыз екі күзетші қойған. Ол қалай олардың көздерінен таса болды. Олар қайда қарап жүр. Сондықтан да біз 346-баптың 3-тармағы («Ауыр зардаптар әкелген заңсыз ұстау») бойынша айып тағуды талап еттік.

- Сіз қаржы полициясы департаменті басшыларын да қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрадыңыз ба?

- Иә, біз өз арызымызда департамент басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрадық. Алайда оларды да қанағаттандырмады. Алтынбекті ұстаған күні департамент басшылары департамент ғимаратында кешке дейін болып, одан түнгі 11-де кетті. Олар полицейді ұстау шаралары жүріп жатқанын жақсы білді. Олардан басқа ешкім ұсталған адамға екі күзетші қоюға пәрмен бере алмайды ғой.

Енді іс ҚР ҚК-ның 308-бабы бойынша жіберіледі. Бұл бап бойынша жаза ҚР ҚК-ның 346-бабына қарағанда өте жеңіл. Қаржы полицейлері тек шартты түрде жаза алатын болар. Бұған жол беруге болмайды. Біз түрлі инстанцияларға шағым жазуды тоқтатпаймыз және әділ жазаны талап етеміз. Марқұмның заңды өкілі, жесірі Ақжібек САБЫРҒАЛИЕВА тергеу нәтижесіне наразы.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

2 қыркүйек 2014, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.