Атырау, 24 сәуір 15:03
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

В.Путин: «Қазақстанда украиналық сценарийдің қайталануы екіталай»

2 554 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда украиналық жағдайдың қайталануы екіталай деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін «Селигерде» өткен жастар форумында мәлім етті.

«Қазақстан - біздің ең жақын стратегиялық одақтасымыз, әрі серіктесіміз. Президент Назарбаев тәжірибелі және данышпан басшы ретінде өз елінің болашағын ойлайды. Интернеттегі жеке сөздерге, Қазақстан азаматтарымен пікірталастарға келетін болсақ, бұл қалыпты жағдай, адамдар түрлі пікір айтады. Бірақ, мен Қазақстан халқының басым бөлігі Ресеймен қарым-қатынасты ары қарай дамытуды қолдайтындығына сенімдімін. Біз оны көріп отырмыз және білеміз», - деп атап өтті В.Путин.

Украинадағы жағдай Қазақстанда орын алуы мүмкін бе, деген сауалға В.Путин Қазақстан Президентінің данагөй саясатына иек артатындығын айтты.

«Назарбаев - өте сауатты басшы. Менің ойымша, ол посткеңестік кеңістікте ең сауатты президент. Ол өз халқының қалауына қарсы келмес еді. Ол халық не күтіп отырғанын жақсы сезінеді және соңғы уақыттарда оның саяси тәжірибесінің, ұйымдастырушылық өнерінің арқасында жасалған барлық істер - Қазақстан мүддесінің аясында жасады. Посткеңестік аумақта, Қазақстан үшін де Назарбаев бірегей тұлға», - деді РФ басшысы.

Сонымен қатар В.Путин Еуразиялық экономикалық одақты құрған Қазақстан Президенті екендігін тағы бір еске салып өтті.

«Қазір біз Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Еуразиялық одақ бойынша жасап жатқанымыздың барлығы - Назарбаевтың идеясы», - деп түйді ойын В.Путин. 

Дереккөз: inform.kz

29 тамыз 2014, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.