Атырау, 16 сәуір 19:48
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Қазақстандық әуе компанияларын ЕО «қара тізімінен» шығару мәселесі әлі алынып тасталған жоқ

1 554 просмотра

Фото: alau.kzФото: alau.kzАстана. 29 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстандық әуе компанияларын ЕО «қара тізімінен» шығару мәселесі әлі алынып тасталған жоқ, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

«… Air Astana-дан басқа «Скат» компаниясы да тұрақты рейстер жасап, негізінен Оңтүстік Шығыс Азияға, ТМД-ға ұшады. «Скат» жоспарында әзірге Еуропа жоқ. Әлбетте, «қара тізімнен» шығару мәселесін біз күн тәртібінен алып тастамаймыз, бұл жөнінде біз ары қарай жұмыс жасаймыз», - делінген жұма күні primeminister.kz сайтында жарияланған Б.Сейдахметовтың сұхбатында. 

«Біз жылына екі рет Еуроодақ ұшуларының қауіпсіздігі жөніндегі комитет алдында есеп береміз. Біздің ұшулардың нәтижесі бойынша 10 сәуірде комитет Air Astana-дан «күлгін тізім» параметрлерін алып тастау туралы шешім қабылдады», - деп түсіндірді ол. 

Комитет басшысы атап өткендей, ҚР-да мамыр айында ИКАО сенім комиссиясының келгенін айтты. «Комиссия 2009 жылғы кемшіліктердің жойылу жағдайын тексерді. Оның нәтижесі қыркүйекте белгілі болады. Олар бізге алдын-ала қортындыны берді, бізде қазір ИКАО талаптарына сәйкес 65%-ға алға жылжулар бар», - деді ол. 

Еске салсақ, 2009 жылғы аудитке сәйкес Еуроодақ «күлгін тізімге» енген, яғни ұшу аймағын үлкейтуге және жаңа ұшақтарды енгізуге мүмкіндігі жоқ Air Astana компаниясынан басқа қазақстандық әуе компанияларының барлығына Еуроодақ арқылы ұшуға тыйым салған болатын. 

Дереккөз: ҚазТАГ

29 тамыз 2014, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.