Атырау, 28 наурыз 18:37
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жаңа зауыт қымыздан ғарышкерлерге арналған тағам өндірмек

1 752 просмотра

©AFP©AFPҚазақстанда жаңа зауыт саумалдан ғарышкерлерге арналған тағам өндіретін болады. Бұл туралы Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Tengrinews.kz тілшісіне берген жеке сұхбатында айтты.

Ешқандай өңдеуді қажет етпейтін, C дәруменіне бай бие сүтін Шарманов құдіретті сусын деп атайды. "Бие сүтінің негізінде түрлі өнім шығаруға болады. Біз одан ғарышкерлерге арналған тағам, жасанды ана сүтін және басқа да өнімдерді әзірлеуді қолға алып отырмыз. Зауыт сала бастадық. Онда мал сауудың неміс технологиясы болады. Бұл іске 45 мың шаршы метр жер алдық. Биыл 300 бас жылқы сатып аламыз", - дейді Шарманов.

Зауыт Ақмола облысында - Астана мен Қарағандының арасында болады. Кәсіпорын ғарышкерлерге арналған тағамнан бөлек, гастритті, ішек-қарын жолын, туберкулезді, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған тағамдарды да өндірмек. "Биыл күзде зауытты пайдалануға бергелі отырмыз. Келешекте жылқы басы 500-ге дейін көбейтіледі, кейін 2000 басқа дейін көбейеді. Өз өнімімізді біз экспортқа шығаратын боламыз. Бұл біздің ұлттық брендімізге айналады. Бие сүті негізінде жасалатын өнімдер EXPO-2017-де өзінің лайықты орнын алмақ", - дейді ол.

Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановтың сұхбатын мына жерден толық оқи аласыздар. Еске салайық, қымыздан ғарышкерлерге арналған тағам жасау құрғақ қымызды Германия мен Францияға экспорттау жөніндегі жобаның басты мақсаты болатын. Бие сүтіне Біріккен Араб Әмірліктері, Корея мен Қытай да қызығушылық танытып отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 тамыз 2014, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.