Атырау, 20 сәуір 08:07
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Украинадағы әскери қақтығыстар соғыс деп мойындалса не болады?». «Қырымнан басталған қырғиқабақ осымен тына ма?». «Төрелік Минскідегі Тәуелсіздік сарайында айтылды». «Блэр Назарбаевқа Жаңаөзен туралы не деуді үйреткен». «Мұнай енді бұрынғыдай болмайды».

2 461 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Украинадағы әскери қақтығыстар соғыс деп мойындалса не болады?» - Кеше Батыс пен АҚШ-тың беделді саясаткерлері Украинада жүріп жатқан әскери қақтығыстарды соғыс деп мойындап, бұл ойларын әлеуметтік желідегі жеке парақшалары арқылы таратты.

«Президенттердің тосын әрекеттері» - Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Көшеде жүрген қарапайым халықтың жүріс-тұрысына өткен-кеткендер мән бермей қарайды. Ал осы орайда көз алдыңызға елестетіп көріңізші, Сізбен бірге қатарласып, донер-кебаб жеп, қолындағы кофесін ішіп, көшеде Президент кетіп бара жатса. Әрине, таңғалып қарайтыныңыз жасырын емес, күліп амандасарсыз, бәлкім. Ол да күлімсіреп, амандық білдірер.

«Құлагерді құлатқан кім?» - Тарих тек қана шындықпен жазылады десек қателескен болар едік. Біз оқып жүрген әлем һәм қазақ тарихының қаншасының рас немесе жалған екендігі бір Аллаға ғана мәлім.

«Құрманғазы мен Пушкин сүйісіп тұрған постер қылмысқа жатады» - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Құрманғазы мен Пушкин сүйісіп тұрған постерді шығару жұмысын қылмыс деп атады.

TURKYSTAN.KZ    «Қырымнан басталған қырғиқабақ осымен тына ма?» - Украина мен Ресей арасындағы қырғиқабақ қарым-қатынас бүтіндей бір халықты берекесінен айырып, екі оттың ортасында қалдырды.

«Той бизнес кімдердің қалтасын қалыңдатып жүр?» - Бір келер жазын той-думансыз өткермейтін қазақ бар тапқан-таянғанын тойға шашып, азар да безер болады-ау. Тойдың боладысын жыр қылған бүгінгі тойшыл қауымның жөн-жоралғылары мен кәделері де заманауи стильге икемделіп келеді.

«Төрелік Минскідегі Тәуелсіздік сарайында айтылды» - Украина мен Ресей арасындағы қырғиқабақ қарым-қатынас бүтіндей бір халықты берекесінен айырып, екі оттың ортасында қалдырды. Көршілес екі славян елдерінің ушыққан қарым-қатынасын түбегейлі шешіп, төрелік айтатын кез жетті.

AZATTYQ. ORG    «Блэр Назарбаевқа Жаңаөзен туралы не деуді үйреткен» - Баспасөзде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Блэрдің Қазақстан президентіне жазған хаты жарияланған. Ол Назарбаевқа Жаңаөзен оқиғасынан кейін беделін қалай жақсартуға болатыны жөнінде кеңес берген. HRW Блэрді «автократ әміршімен ынтымақтасты» деп айыптайды.   

«Қазақстанда ZAZ дәуірі аяқталды» - Украинадағы дағдарысқа байланысты Қазақстанда Украинаның ZAZ автомобилін жасау тоқтағаны мәлім болды. Әйгілі көлік қазір Украинаның өзінде де аз шығады.

«Өрттен зардап шеккендерге еріктілер көмектесті» - Үйі өртеніп, далада қалған алматылық тұрғындар әкімдіктен гөрі азаматтық қоғамнан көбірек қолдау көргенін айтады.

ULT.KZ  «Нұрлан Әлімжан: “Қыздарға қиянат жасаған емеспін”» - «Жас еді ғой, жас емес пе еді» деген сын-пікірлерді де құлағым шалып жүр.  Енді бұл жерде менің кінәм қаншалықты?!

AIKYN.KZ   «Мұнай енді бұрынғыдай болмайды» - Таяуда бүкіләлемдік тауар биржаларында көмірсутектерінің бағасы түсуіне орай АҚШ сарапшыларының бірі «мұнай енді бұрынғыдай болмайды» деп салды. Біздің болжамымыз бойынша, ол шамамен 2016-2017 жылға қарай келуі керек «жұт» еді.

28 тамыз 2014, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.