Атырау, 20 сәуір 10:01
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сапа түсіп кетті

2 220 просмотра

Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде 100 мыңға жуық оқушы оқитын болса, 11 мың балдырған мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Барлық мектептер оқушыларды қабылдауға 100 пайыз дайын. Бұл туралы мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясында облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ мәлімдеді.

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВөз сөзінде соңғы екі жылда «Балапан» бағдарламасы аясында 5 115 орындық 67 мектепке дейінгі мекеме қолданысқа берілгенін айтып өтті. Тек 2014 жылдың 1-жартыжылдығында ғана 755 орындық алты балабақша тапсырылған. Жыл аяғына дейін тағы 280 орындық он екі балабақша құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ал келесі жылы 15 жаңа балабақша салу жоспарда тұр.

1-6 жас аралығындағы балаларды балабақша орындарымен қамтамасыз ету 52,9%-ды құрайды, 3-6 жас аралығындағы балаларды орналастыру - 78,9%. Дегенмен, балабақша орындарына кезекке тұру азаймай отыр, 18 мың сәби өз кезектерін күтуде. Мұның себептерінің бірі оң демографиялық қарқын болып табылады, яғни, Атырауда балалар көбейіп келеді.

- Биыл бірде-бір мектеп үш ауысымда оқымайды, - деп мәлімдеді облыс басшысы. 11 апатты мектептің орнына жаңалары салынады. Бір мектеп өткен жылы ашылған, екеуі жаңа оқу жылында, ғимараттары қайта салынған тағы екі мектеп жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Бұл мәселені 2015 жылдың аяғына дейін толықтай шешу жоспарланған.

Биыл Жастар мен оқушылар сарайы құрылысы басталатын болады. Бұл - «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен ынтымақтастықта болуына 20 жыл толу құрметіне жасаған сыйлығы.

- Осыдан бірнеше жылдан бері бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылар балалары, барлығы 42 мың оқушы, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп келеді. Бұл бағдарламаға жергілікті өндірушілерді тарту керек. Бастапқы рационға бал мен ешкі сүтін қосу қажет, - деп атап өтті Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Қалай дегенмен де, білім сапасы мәз емес. Облыс бойынша биылғы ҰБТ-ның орташа балы 62,1-ге тең, бұл 2013 жылға қарағанда 12 балға кем.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

27 тамыз 2014, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.