Атырау, 19 сәуір 15:39
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Путин Порошенкомен РФ және Украина арасындағы энергетика жөніндегі диалогті жандандыру туралы келісімге келді

2 722 просмотра

Ресей, Беларусь және Украина президенттері Владимир Путин (солдан оңға қарай), Александр Лукашенко және Петр Порошенко. Минск, 26 тамыз 2014 жыл.Ресей, Беларусь және Украина президенттері Владимир Путин (солдан оңға қарай), Александр Лукашенко және Петр Порошенко. Минск, 26 тамыз 2014 жыл. Фото: azattyq.orgАлматы. 27 тамыз. ҚазТАГ – Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украина басшысы Петр Порошенкомен екі ел арасындағы энергетика жөніндегі диалогті жандандыру туралы келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Біз, президент Порошенко да, энергетика мәселелері жөнінде, соның ішінде газ проблематикасы бойынша диалогімізді қайта жаңғырту қажет деп санаймыз», - деді В. Путин Минскіде Украина президентімен өткен келіссөздерден кейін.

В. Путин Украина Стокгольм арбитражына деген талап арызымен Ресейді газ бағасына жеңілдік ұсыну мүмкіндігінен айырды деп есептейді. Оның айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы газ мәселелері «тығырыққа тірелген».

«Құпия болар-болмас – «Газпром» алды да ресейлік газдың Еуропаға транзитіне аванс төлеп тастады, ал Украина ҰАК алды да бұл авансты кері қайтарды, іс жүзінде біздің газ транзитіміз еуропалық тұтынушылар үшін шарықтап кетті. Әрі қарай оған не болмақшы?» - деп атап өтті мемлекет басшысы. Президенттің ойынша, транзит қаражатын қайтару «бұл еуропалық және украиналық серіктестеріміз секілді зерттеушілердің маңдай терін төгіп еңбек етуін күтіп отырған мәселе».

«Біз келісім-шарттың барлық шарттарын толығымен орындаудамыз. (...) Украинаның Арбитраждық сотқа жүгінгені салдарынан біз тіпті жеңілдік жасау бойынша қандай да бір ұсыныстар қабылдай да алмаймыз. Біздің жеңілдік көрсету жөніндегі кез келген іс-әрекетіміз сотта қолданылуы мүмкін», - деп тілге тиек етті В. Путин.

Сонымен қатар, В. Путиннің айтуынша, Ресей мен Украинада шешілуі қажет көптеген нақты мәселелер бар, және де олардың шешілуіне екі тарап, сондай-ақ Еуроодақ та мүдделі. Президент сондай-ақ Украина жөніндегі байланыс тобы өз жұмысын мүмкіндігінше тез жандандыруы тиіс деп санайды. Ол Ресейдің бұл үшін барлығын жасайтынын айтып сендірді.

Жариялымда атап өтілгендей, Ресей президенті РФ, Украина мен ЕО құрамындағы үшжақты жұмыс тобы биылдың 12 қыркүйегіне қарай ЕО мен Киев ассоциациясы туралы келісімнің жүзеге асуымен байланысты Кеден одағы елдерінің алаңдаушылығын шешуге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдап шығаратынын айтып сендірді.

«Біз серіктестеріміздің – еуропалық та, украиналық та, - назарын Украина мен ЕО арасындағы ассоциация жөніндегі келісім имплементациясының ресейлік экономика үшін айтарлықтай қауіп-қатерлер әкелетініне тағы бір мәрте аудардық», - деп атап өтті В. Путин. Оның сөзінше, бұл Украинаның тарифтерді де, техникалық регламенттерді де, фитосанитарлық нормаларды да нөлге теңеуіне қатысты.

Президент Украинаның ЕО-мен ассоциациясы туралы келісімінде украин аумағында еуропалық техрегламенттерді енгізу жөніндегі тармақтың болғанын еске салды. Оның айтуынша, бұл іс жүзінде Ресей Украинаға өз өнімдерін жеткізе алмайды дегенді білдіреді. Украина ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері өз кезегінде фитосанитарлық нормалардың алшақтығы салдарынан өз тауарларын тасымалдай алмайды.

«Жалпы, көп проблема туындайды», - деп түйіндеді президент. «Әріптестер біздің барлық дәлелдерімізбен бірдей келісіп жатқан жоқ, бірақ, не дегенмен, біз тыңдадық та, пікір алмасуды үдетіп, қандай да бір шешімді табуға тырысамыз деп келістік», - деп қоса айтты ол.

Мұнымен бірге В. Путин егер шешім табылмайтын болса, Ресей өзінде қарымта іс-шаралар қабылдау құқығын қалдыратынын ескертті.

«Егер біз ешқандай келісімге қол жеткізе алмасақ, және біздің алаңдаушылықтарымыз есепке алынбаса, онда біз экономикамызды қорғау шараларын қабылдауға мәжбүр боламыз», - деп атап көрсетті президент. Ол «бұл үдерістегі әрбір елдің өз құзыреті аясында кез келген шешімді қабылдауға құқылы» екенін атап өтті.

«Біз еуропалық және украиналық серіктестеріміздің кез келген таңдауына сый-құрметпен қарайтын боламыз; өз нарықтарымызды қорғау жөніндегі біздің шараларға да олар дәл сондай сыйластықпен қарайды деп үміттенемін», - деп мәлімдеді ол.

Жариялымда атап көрсетілгендей, В. Путин П. Порошенкомен Украина оңтүстік-шығысындағы атысты тоқтатудың заттық шарттарын талқыламаған.

«Біз бұған қатысты сөйлеспедік. Ашықтан-ашық айтқанда, біз атысты тоқтатудың қандай да бір шарттары, Киев, Донецк және Луганск арасындағы ықтимал келісімдер туралы айта алмаймыз – бұл біздің шаруа емес, Украинаның өз шаруасы», - деді В. Путин.

Президенттің айтуынша, РФ атысты тоқтату туралы келіссөздер процесі барысында сенім жағдайын құруға жәрдемдесе алады. «Біз мұның қайда мүмкін болатыны туралы, бұл процесті қамтамасыз ету үшін Ресейдің не істей алатыны туралы айттық. Ал қандай да бір шарттарды Ресей ұсынып жатпады. Біз оны істей алмаймыз да», - деп атап өтті президент.

В. Путин сондай-ақ РФ мен Украинада «әлі де көп ашық мәселелердің» қалып отырғанын растады.

П. Порошенкомен кездесу туралы жалпы айтқанда, В. Путин әңгіменің ресейлік-украиндық қатынастардың барлық спектрі бойынша, соның ішінде экономикалық өзара іс-қимыл, оңтүстік-шығыстағы ахуал туралы, қантөгісті жедел арада тоқтату қажеттілігі туралы, проблемалардың барлық кешенін саяси реттеу қажеттілігі туралы өрбігенін хабарлады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

27 тамыз 2014, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.