Атырау, 25 сәуір 22:10
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстандық жұмыс берушілердің 63%-ы ЖОО түлектерінің даярлық деңгейіне қанағаттанбайды

1 357 просмотра

 Фото: finance.bigmir.net Фото: finance.bigmir.netАстана. 26 тамыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстандық жұмыс берушілердің 63%-ы ҚР ЖОО түлектерінің даярлық деңгейіне қанағаттанбайды, деп хабарлайды «Кәсіпқор» холдингінің студенттермен жұмыс департаменті директоры Тоғжан Жұмағұлова.

«Жұмыс берушілердің 44,5%-ы жалпы алғанда Қазақстан оқу орындары түлектерінің даярлық деңгейіне қанағаттанбайтынын айтқан, және бұл әлі түк те емес. 18%-ы тіпті олардың заманауи талаптарға, экономика қажеттіліктеріне сай келмейтінін жеткізді. Яғни, бұл жұмыс берушілердің 63%-ы түптеп келгенде оқу орындарындағы біздің түлектердің даярлық деңгейіне көңілдері толмайды дегенді білдіреді», - деді Т. Жұмағұлова сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

«Мүмкін, сол оқу орындарындағы даярлау деңгейі жай ғана жұмыс берушілерге қажет талаптарға сай келмейтін шығар», - деп атап өтті ол ЖОО-ларға жұмыс берушілермен қызметтесуді ұсынып.

Оның айтуынша, сұралған жұмыс берушілердің 32%-ы келісті кадрларды таңдай алмауда. Мұнымен қатар мектеп түлектерінің бірінші жалақы бойынша дәмеленулері Т75-80 мың шамасында болса, жұмыс берушілер бастапқыда Т50-60 мың төлеуге дайын болған.

«Ел Қанаты» қоғамдық қоры жүргізген сауалнамаға, ағымдағы жылдың маусым-шілдесінде, 16 өңірден 2 мың компания басшысы, персонал таңдау мен жеке кәсіпкерлер жөніндегі мамандар қатысқан. Респонденттердің көп саны Астанадан болған – 21%, Алматы - 18% және Қарағанды облысы - 12%.

Жұмыс берушілердің жартысынан көбі (50,6%) елде кадр тапшылығы жоқ деп есептейді. Кадр тапшылығын бастан кешіріп отырған респонденттердің ең көп мөлшері – Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында.

Инженерлер (13,8%) мен дәрігерлер (12,8%) – қазақстандық еңбек нарығында сұранысы басым мамандықтар. Әрі қарай мұғалімдер мен педагогтар (10,1%), бағдарламашылар, (7,4%), құрылысшылар (6,4%) мен маркетологтар (6,2%) тұрады.

Сонымен қатар, сәуір-шілдеде 8 өңірден сұралған ҚР мектеп түлектерінің ойынша, қызмет салаларының танымалырағы болып табылады: техникалық ғылымдар/инженерия- 20,5%; медицина - 19,8%; экономика - 13%; юриспруденция - 6,1%; мемқызмет және мембасқару - 6,1%. 

Дереккөз: ҚазТАГ

26 тамыз 2014, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.