Атырау, 29 наурыз 16:35
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Айғағың болса, сайтқа сал!

2 077 просмотра

Полиция 18 тамызда біздің «Видео дня» айдарымызда жарияланған оқырман ұсынған бейне айғақ бойынша іс көтерді: тәртіп бұзушылар Әкімшілік кодекс бойынша жауапкершілікке тартылды.

«Урал» маркалы жүк көлігінің прицепінен жол бойына қоқыстар ұшып жатқанын түсірген бейнежазбаны бірнеше күн ішінде 7 000-нан астам адам көрген. Машина «Атырау жылу желілері» АҚ-қа тиесілі екен. 25 тамызда Атырау қалалық ІІБ қабылданған шаралар туралы хабарлады. 

– Мекеме механигіне (көлік құралының техникалық жағдайына жауапты тұлға) қатысты 387-бап бойынша, қала аумағын көріктендіру ережелерін бұзғаны үшін 30 АЕК (55 560 теңге), жүргізушіге 463-бап бойынша Жүк тасымалдау қағидаларын және басқа да ЖҚҚ өрескел бұзу») 5 АЕК(9 560 теңге)айыппұл салынды, – деді Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ. – Олар бортқа тент жаппаған, жабындылары жыртылып қалған екен.  

Полицияға АЖЖ қызметкерлері түсіндіргендей, кәсіпорында сенбілік болған және олар барлық жиналған қоқысты полигонға алып бара жатқан.

«АЖ» сайтындағы жарияланымды тексеруге «Арнайыавтобаза» директоры Мұратбек МАХАНОВТЫҢ мәлімдемесі себепші болған еді. Ол мемлекеттік номері 759 АН автокөлігінің «қаланы ластап жүрген» жүргізушісіне шара қолдануды сұраған болатын. Тәртіп бұзушыларды үш күннен кейін анықтап, дүйсенбіде жазалады. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

26 тамыз 2014, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.