Атырау, 18 сәуір 13:27
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Руслан «Х-treme» жобасына жолдама алды

2 722 просмотра

«Еуразия» телеарнасындағы жаңа маусымда бізді екі жаңа жоба күтіп тұр: «Большая разница» және «Фактор Х-treme».   Х-tremе жобасына «Х-фактор» байқауының же-ңімпазы атыраулық Руслан БЕРДИМАТОВ та қатысатын болды.

«Еуразия бірінші арнасының» бас директоры  Ләззат ЖҮНІСОВАНЫҢайтуынша, «X-фактор» шоу-жобасы Қазақстанда ең ауқымды көрермен аудиториясын жинады. Жоба аяқталса да көрермендер жаңа тосын сыйларды – Бірінші арна бағдарламаларының деңгейіне сәйкес келетін тұғырнамалық бағдарламаларды күтеді. Жекелей алғанда, жаңа телемаусымда арна   «Большая разница» және «Фактор Х-treme»  атты екі жобаны жібермек.

«Атауынан көрініп тұрғандай жоба спортпен байланысты болады. Әзірге бұдан басқа ештеңе айта алмаймын, барлық құпияларды біз тіпті, шоуға қатысушыларға да айтпаймыз. Жобаға қатысушыларды біздер «Х-фактор» финалистерінің ішінен іріктеп алдық. Біз әзірге қатысуышлардың нақты санын – 9 не 12 бола ма, белгілей қойғанымыз жоқ. Руслан, әрине, ерекше дарынды жігіт, дегенмен біз бұл жобаның спорттық болғандығынан болашақ шоу қатысушыларының физикалық тұрғыда да дайын болуына көңіл аударып отырмыз, алайда, бастысы- адамдардың жобаға қатысуға ниет білдіруі», -деп әңгімелейдіжоба үйлестірушісі Разия ЫДЫРЫСБАЕВА.

«Маған «Еуразия» телеарнасынан қоңырау шалған кезде мен іскерлік кездесуге таксимен кетіп бара жатқанмын. Олар маған егжей-тегжейлі түсіндіріп жатпады, тек бұл жобаның маған міндетті түрде ұнайтындығын айтты. Мен үшін «Еуразия» жобаларына қатысу үлкен құрмет, бұдан басқа мен көптеген адамдармен танысар едім, сондай-ақ, мені тележобалардан тағы бір жаңа тәжірибелер күтер еді. Бұл мен үшін өте маңызды. «Еуразия бірінші арнасынан» келген ресми шақыртуда түсірілімдердің Алматыда 10 шілдеден 15 тамызға дейін болатындығы айтылған», - дейді Руслан БЕРДИМАТОВ. Бізге жаңа телемаусымды асыға тосып, бәрін өз көзімізбен көру қана қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 шілде 2011, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.