Атырау, 20 сәуір 15:00
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Форумға дайынбыз ба?

1 587 просмотра

25 тамызда Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ алдында есеп берді.

Облыс әкімі кездесу барысында ел президентіне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде (2 жылдың жұмысының қорытындыcын) баяндады. Одан бөлек, облыс әкімі президентке  28-30 қыркүйекте Атырауда өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық XI Форумы жөнінде ақпарат берді.

Естеріңізге сала кетейік, Форумға келетін қонақтар үшін кейін Салтанат сарайы атанатын жаңа ғимарат құрылысы қарқынды түрде жүруде, әуежайға баратын жол кеңейтілді, Атырау облысының әкімдігі жалпы сомасы 150 млн теңгеге 14 жоғары санатты автокөлік сатып алды, ал ІІД президенттік кортеждерге жол бастау үшін – әрқайсысының бағасы $100 000 болатын жолсызбен жүретін Toyota Land Cruiser екі көлігін сатып алды.

Форум өтетін күндерді өзгертпесе, қаланың оң жақ жағалау бөлігінде жоспар бойынша (25-30 қыркүйекте) газды ажырату басқа күндерге ауыстырылуы мүмкін.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

25 тамыз 2014, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.