Атырау, 18 сәуір 23:51
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Эбола безгегі бізден алыс

1 447 просмотра

Атырау облысы тұрғындары мен өңірімізге келетін шетелдіктер арасында Эбола безгегін жұқтыру жағдайлары жоқ. Бұл туралы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде өткен облыстағы ірі шетелдік компаниялармен кездесу барысында айтылды.

Соңғы екі аптада Атырауға Нигериядан үш шетелдік ұшып келген. Олардың екеуі Флюор Қазақстан фирмасының (әйелі мен күйеуі), ал, біреуі NCPOC компаниясының қызметкерлері екен. Олар елімізге келген кезде әуежайда орналасқан санитарлық-карантиндік пункттен тексеруден өтіп, ауру жұқтырмағандары анықталды. Эбола безгегі емделмейді, ауру жұқтырған адамдардың 70 пайызының жағдайы өліммен аяқталады.

Дәстүрлі тропикалық безгек түрлері емделеді. Тайланд, Вьетнам, Малайзия мемлекеттерінде тропикалық москиттер арқылы таралатын Денге қызбасы өршіп тұр. Бұл ауру бес қазақстандыққа жұғып үлгеріпті. Олардың төртеуі Тайландтан оралған турист болса, біреуі Малайзияда оқитын студент екен.

- Біз ауру жұқтырған азаматтарымызға медициналық көмек көрсетіп, асқынушылықтың алдын алдық. Дегенмен, осы елдерге шығатын болсаңыз, жабық киім киіп, масалардың шағуынан қорғайтын арнайы дәрілерді пайдалануға және әлсіздік белгілері білінген бойда дәрігерге көрінуді ұсынамыз,- дейді санитарлық дәрігерлер.

Атырау халықаралық әуежайындағы санитарлық-карантиндік пункттің бас маманы Айнагүл ОРЫНБАСОВАсанитарлық-карантиндік пункт қызметкерлері барлық халықаралық рейстерді қарсы алып, келіп түскен жолаушыларды тексереді. 

- Бізде Эбола безгегі кездесіп отырған қолайсыз елдерден тікелей рейстер жоқ. Африка жолаушылары көбінесе Еуропа арқылы ұшып келеді. Бұл біздің еліміз үшін қолайлы болып тұр. Оларда бақылау күшті, -дейді А.Орынбасова.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

25 тамыз 2014, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.