Атырау, 19 сәуір 07:23
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырауда Бейбарыс туралы деректі фильм түсірілді

11 944 просмотра

Маусым айының басында Жылыойдың Ақшеңгел атты таулы жерінде бір кездері Мысырды билеген бабамыз Сұлтан Бейбарыс туралы деректі фильм түсірілді. Естеріңізде болса, біз газетіміздің №17 санында (28-сәуір, 2011 ж.,  «ЖС», «Ислам жайлы ақиқатты айқындайтын экспедиция») бағзы заманда еліміздің аймағында ислам дінінің кең таралуына ықпал еткен тұлғалардың еңбектерін зерттеу экспедициясы жолға аттанғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Сәуір айында жұмысын бастаған экспедициялық топ Астанадағы ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының қолдауымен қазақ жерінде ислам мәдениетіне үлес қосқан ғұламалар - Ахмет Яссауи, Әл-Фараби, Хибатулла әл-Тарази, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Пір Бекет ата, Әубәкір Кердері, Ыбырай Алтынсарин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Нуан Қазіреттің өмірі мен шығармашылықтарын зерттеп келеді. Аталған тұлғалардың ғылыми еңбектері деректі фильмдерге арқау болмақ. Экспедиция құрамында отандық телеарна журналистері мен режиссерлер, актерлар бар. Олар елдің әр өңірін аралап, сол топырақта ізін салып кеткен бабаларымыз жайлы деректі фильм түсіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Ал Атырауда түсірілген Сұлтан Бейбарыс туралы фильмге облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрының актерлары қатыстырылды. Сұлтан Бейбарыстың рөлін жергілікті театрдың белді актері, ҚР мәдениет қайраткері Елтай Шаманов сомдады. Фильмдердің қоюшы режиссері Асқар Әшімовтің айтуынша, ислам дінімен тікелей байланысы бар кейіпкерлер жайлы деректі фильмдер қоғам назарын дәстүрлі дінге аудартуға сеп болмақ.

Деректі фильмдердің түсіру және монтаждау жұмыстары аяқталысымен, олардың көрсетілімі жылдың соңында «Хабар», «Қазақстан», «Асыл арна» телеарналарында жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ 

14 шілде 2011, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.