Атырау, 20 сәуір 10:12
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Бақылау барына шәгі жоқ белсенділер көп». «Азық-түлік соғысы ресейліктерге батып отыр». «Орыс тілі “демалсын”, депутаттар!».«”АП” мықты ма, “КПМ” мықты ма?». «Гүлнара Каримова: “Бізді иттен жаман күйде ұстауда”».

2 025 просмотра

AZATTYQ. ORG      «Талибан бүлікшісін “тұтқындамай жою” бұйрығы» - Қауіпсіздік басшыларының бүлікшілерді тұтқындамай-ақ, көздерін құрту туралы бұйрығын әскер қуана қарсы алса, құқық қорғаушылар тіксініп қалды. 

«Бақылау барына шәгі жоқ белсенділер көп» - Белсенді азаматтық қоғам өкілдері Қазақстанда үнемі бақылау астында жүретініне сенімді. АҚШ зерттеушілері әлденеден сезіктенген азаматтардың өз бетінше сақтыққа көшетінін айтады.  

«Азық-түлік соғысы ресейліктерге батып отыр» - Мәскеудің Батыс елдерінен келетін азық-түлік өнімдеріне салған санкциясы Ресейдегі тұтынушыларға ауыр тиді. Импортты шектеу елдегі азық-түлікті қымбаттатып жіберді.

«Министрлік Мухортоваға емделу “ұнайтынын” айтты» - Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, психиатриялық ауруханаға еркінен тыс жатқызылған тәуелсіз адвокат Зинаида Мухортоваға "емделу ұнайды", әрі оның "шағым-талабы жоқ".

«Апельсин орнына әңгелек» - Бішкек Мәскеудің Батыс елдеріне қарсы «азық-түлік» эмбаргосын өз жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін Ресейге экспорттауды еселеу үшін пайдаланғысы келеді.  

ABAI.KZ   «Орыс тілі “демалсын”, депутаттар!» - Қазақ тілі мәселесі көп айтылып келе жатыр, біреу жауыр болды дейді, біреу тәуір болды дейді, бәз біреу «қазақ тілінің мәселесі» деп айтуға қорқып, «мемлекеттік тілдің мәселесі» деп жүр. Кім не десе де Қазақ тілінің аз қолданылуы мен тіл заңы қабылданғаннан бергі ширек ғасырда жалпы халықтық тілге айнала алмауы үлкен қасірет.

SKIFNEWS.KZ    «”АП” мықты ма, “КПМ” мықты ма?» -  Сонымен, елімізде мемлекеттік органдарды бір-біріне әбден сапырылыстырып жіберу салдарынан бұттары шидей, қарындары шермиген, мешел, медицина тілімен айтқанда «рахит» министрліктер пайда болды. Енді олардың сапалы жұмыс жүргізуі былай тұрсын, орындарынан қозғалуының өзі мұң болатындай.

«Патриот болу парызың» - Аманшаевпен әңгіме барысында да, Жаманқұловпен дидарласқанда да Нұрсұлтан Әбішұлы негізінен бір мәселеге басым мән берді. Ол – патриотизм тақырыбындағы дүниелерді өнер тілінде сөйлету!

ZHEBE.COM   «Қызтекелер ұлттың ұлыларын қорлап жатыр» - Алматыда  «Студия 69» деп аталатын гей клубы күйші Құрманғазы мен орыс ақаны Пушкинді сүйістіріп қойған жарнама әзірлеткен. Сөйтіп, қызтекелер ұлттың  аяулы тұлғаларын қорлауға көшті. Ал, әуелметтік желілер  бұл мәселеге  орай дүрлігіп жатыр.

«Шетелде діни білім алудың қауіптілігі» - Қазіргі таңда біздің көптеген бауырларымыз, інілеріміз шетелдегі діни орындарында білім алып жүр. Соңғы екі жылдан бері Саудия және Мысырдың жоғарғы діни оқу орындарына оқуға қабылдаудың талаптары күшейтілген.

QAMSHY.KZ    «НАТО: Ресейдің Украинаға «гуманитарлық көмегі» – ашық шапқыншылық» - Ресей тарапы шығыс Украинаға жіберген жүк көліктердің Киевтің рұқсатынсыз Украина территориясына кіруін Батыс елдері: «Украина қауіпсіздігіне тікелей төнген қауіпті ұлғайтты»,- деп айыптап отыр.

SHYN.KZ   «Гүлнара Каримова: “Бізді иттен жаман күйде ұстауда”» - Үй қамақта отырған өзбек президентінің қызы Гүлнара Каримова «Би-Би-Сиге» эксклюзивті аудио жазба жіберіп, өзінің Ташкенттегі үй қамақта иттен ары тірлік кешіп жатқанын айтыпты. 

QASYM.KZ  «Серік Қирабаев : "отыз екінші жылғы аштықта шешемнен айырылдым"» - Қазақтың бағзы бір ақсақалы туралы сарғайған парақтар сыр шерткенде бүгініңнен сол мінез бен қасиетті шарқ ұрып іздейсің.

 

 

  

25 тамыз 2014, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.