Атырау, 20 сәуір 07:44
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Шегіртке шекараға жетті

10 677 просмотра

Көршілес Астрахан  облысында шегірткенің шамадан тыс көбеюіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Біздің облысымызда зиянкестерге қатысты жағдай бақылауға алынған, қауіп жоқ, -деді бізге ҚР ауылшаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясында.

ҚР ауылшаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау бөлімінің бастығы Руслан ШҰҒАЕПОВТЫҢайтуынша, шегірткеге қарсы химиялық улау жұмыстары аяқталған екен.

«Біз итальяндық прус шегірткесі мен  азиялық шегірткеге қарсы улау жұмыстарын жүргіздік,-дейді ол. Бұл Атырау облысының аумағына және жалпы Қазақстанға кең тарайтын үйірлі шегірткенің екі түрі. Итальяндық прус шегірткесіне қарсы улау жұмыстары Құрманғазы және Исатай аудандарында жүргізілді. Бұл аудандар шегірткенің осы түрі кең тарайтын Бөкейордасы және Жанқала аудандарымен шектесіп жатыр. Сондай-ақ, азия шегірткесіне қарсы Құрманғазы, Исатай, Жылыой және Махамбет аудандарында улау жұмыстары жүргізілді. Өткен жылға қарағанда итальяндық прус шегірткесі аз, келесі жылы бұдан да азаяды деп күтілуде. Ал, азия шегірт-кесіне келетін болсақ, Құрманғазы ауданында оның көбеюіне мүмкіндіктер бар. Оған Еділ өзені сағасының су деңгейінің төмендеуі себеп болып отыр. Көптеген аралдарда 5 жыл бойына азиялық шегіртке болған жоқ, олар су астында қалды. Енді міне, құрғап қалған аралдарда олар көбейе бастады. Бұл зиянкестердің ерекшелігі сол, егер оларға көбеюге қолайлы жағдай жоқ болса, олардың  ұрығы өздерінің өмір сүруге бейімділігін 5 жылға дейін жоғалтпайды. Бүгінгі күні Дағыстанда, Қалмақстанда шегірткеден қауіп жоқ, ал, Астрахан облысының Камызяк ауданында төтенше жағдай жарияланды. Біз шекара маңындағы учаскелерде  «Россельхозцентр» ММФ-мен бірлесе отырып тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әзірге қауіп жоқ».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

14 шілде 2011, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.