Атырау, 29 наурыз 05:39
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 213 просмотра

Ән салған спортшылар

15 тамызда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында спортшылар төл мерекелерін атап өтті.

Өңірімізге ғана емес, бүкіл Қазақстанға танымал атыраулық спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері салтанатты түрде марапатталды. Спортқа қолдау көрсеткен меценаттар мен журналистер де атаусыз қалмады. Марапатталғандарды түгел тізбектеу мүмкін емес.

Тек бір айтарымыз, көңілсіз болған жоқ. Өйткені, концерттік бағдарламаны спортшылардың өздері дайындапты.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

*   *   *

Фото rfcatyrau.kz сайтынан алынған.Фото rfcatyrau.kz сайтынан алынған.Наурызбек құрама командада

Атыраулық шабуылшы Қазақстан құрамасының сапында Түркіменстан Президентінің Кубогы турниріне қатысады.

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, шабуылшы Наурызбек Жагоров (суретте) Ашхабадқа барады.

Ашхабадта үстіміздегі жылдың 1-11 қыркүйегі аралығында жыл сайынғы халықаралық турнир өтеді. Оған 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысады. Тамыз айының 22-30 аралығында команда жауапты турнирге дайындық ретінде Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді және сол жерден Ашхабадқа ұшады.

*   *   *

Каноэдегі мереке

Дене шынықтырушылар күні қарсаңында Атырауда ескекшілер арасында жарыс өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Максим Бузбанов, Андрей Сафарян, Евгений Ухов, Флора Морунова, Владимир Ганус сынды жаттықтырушылардың шәкірттері бар. Каноэда есуден бірінші орындыКирилл КИМ алса, екінші орынды Диас САЛИХОВ, үшінші орынды Роман РАЙЫМҚҰЛОВ иеленді.

*   *   *

Үздіктер топ жарды

Аққыстау аудан орталығында бір айға созылған футбол ойыны өз мәресіне жетті.

Исатай ауданының сегіз командасы қатысып, әр аптаның бейсенбі, жұма, сенбі күндері өткізілген бұл доданы мыңнан астам жанкүйер тамашалаған болатын. «Аққыстау-1» командасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды «Жанбай» мен «Зинеден» командалары бөлісті.

Қызықты да тартысты ойын көрсеткендері үшін жергілікті спортшылар Еламан РАМАЗАНОВ, Ерен ЖИЕНҒАЗИЕВ, Асхат БИСЕНҒАЛИЕВ, Дәурен МҰЗБАЕВТАР марапатталды.

Ақтық ойын мерекелік отшашуға ұласты.

*   *   *

И. Галиев, Н. Әміржанов, Е. Тамбовцева және Ғ. Қалимов.И. Галиев, Н. Әміржанов, Е. Тамбовцева және Ғ. Қалимов.Үш медаль алып келді

15-16 тамызда Астанада муай-тайдан ҚР Кубогы үшін ересектер арасында жарыс өткен болатын.

«Қайсар» спорт клубының жаттықтырушысы Айбат Рахманның айтуынша, облысымыздың құрамасы бір алтын және екі күміс медальмен оралған. Жалпы командалық есепте үшінші орын алып отырмыз. Бірінші орын алматылықтарға, екінші орын Астанаға бұйырды. 

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Ищан Галиев жеңіп алды. +91 келі дәрежеде 2 орын Ғалымжан Қалимовте. Жеңімпаздар арасында қыздар да бар: 48 келіге дейінгі дәрежеде күміс медальді Екатерина Тамбовцева иеленді.

Спортшыларды Мейрам Галиев, Бақытжан Мұхамбеталиев, Нұрберен Әміржанов, Айбат Рахманнан құралған жаттықтырушылар командасы дайындады.

*   *   *

Төрелік етуге шақырылды

Атыраулық муай-тайшы, ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы және судья Бақытжан Мұхамбеталиев тамыздың аяғында Севастопольде өтетін Ресейдің жабық чемпионатына тәуелсіз судья ретінде шақырту алды. Бұрын көп жылдар бойы Мұхамбеталиев еліміздің намысын бүкіл әлем чемпионаттарында қорғаған болатын. Бұл шақырту судьяның дәрежесі мен Қазақстанның халықаралық аренадағы репутациясының қаншалықты жоғары екендігін айқындайды.

*   *   *

Жолсызбен жарыс

17 тамызда Атырауда «Cross Country Bike Атырау-2014» жолсызбен жүретін велосипед жарысы өтті.

Күннің ыстығына қарамастан 30-дан аса адам қатысты. Жарысқа қатысқысы келгендер Ащы көл деп аталатын Атырау әуежайынан бірнеше шақырым ойлы-қырлы жерге жиналды.

Ерлер төрт айналым жасаса (үш шақырымға жуық), әйелдер екі рет айналды. «Движение - жизнь» Атырау интернет қауымдастығының ақпараты бойынша, ерлер арасында Артем Семенченко, Виктор Смирнов және Александр Потемкин жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Оксана Котова, Ирина Киреева және Татьяна Лавриненко жүлделі үштікке кірді.

Спортшылар «Степные орлы» мотоклубының байкерлеріне жарысты ұйымдастыруға көмектескендері үшін, ал, әкімдікке медальдар мен кубоктар ұсынғандары үшін алғыс айтады.

Дайындағандар: Анастасия ПАСТУХОВАЛәззат ҚАРАЖАНОВА

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.