Атырау, 28 наурыз 15:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 560 просмотра

Атырау қаласының тұрғыны алаяқтық фактісі туралы полицияға хабарласты: 2013 жылы ол үш бөлмелі пәтер алуға көмектесемін деп сөз берген Балықшы тұрғынына 9 мың доллар беріпті. Алайда, ол берген уәдесін орындамаған әрі ақшаны да қайтармаған. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

***

Екі велосипедті айдау үшін жалға алып, кері қайтарған жоқ» деген 27 жастағы қалалық шағымданды. Қазіргі уақытта күдікті іздестірілуде, ал, шығын 80 мың теңгеге бағаланып отыр.

***

Атырау қаласының тұрғыны танысы үшін банктен 600 мың теңге несие алады. Бекер сенген екен: ақшаны салып алған ол хабарласпай кетті. Іздестірілуде.

***

Тамыздың 11-і күні Привокзальныйдағы үйлердің бірінен кеуде тұсынан тесілген-кесілген жарақаты бар 37 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. ҚІІБ және ІІД криминалдық полициясы қызметкерлері Атырау қаласында тұратын 27 жастағы күдікті әйелді ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Сараптама тағайындалды.

***

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының екі тұрғын әйелін Құлсары қаласының 57 жастағы тұрғыны сан соқтырып кетті. Ол екі әйелден де үй құжаттарын реттеп беремін деп, әр түрлі уақытта 65 мың теңге ақша алған екен. Құжатты да, ақшаны да қайтара алмаған екеуі полицияға шағымданды.

***

Полиция қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлауға машықтанған екі ұрыны ұстады.Бірі 61 жаста болса, екіншісі 18-де.

***

Құлсары қаласына жақын маңнан жол-патруль қызметі сақшылары салонында жарты тонна мыс кабелі бар Chevrolet Orlando автокөлігін ұстады. Жүргізушісі Жаңа Қаратон ауылының 26 жастағы тұрғыны екен. Тергеу жүріп жатыр. 

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.