Атырау, 19 сәуір 23:38
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Көршілер қонаққа келді

2 265 просмотра

Астрахан облысы губернаторының әкімшілік басшысы Қанат ШАНТЕМІРОВ пен Астрахан облысының халықаралық және экономикалық байланыстар министрі Денис АФАНАСЬЕВ.Астрахан облысы губернаторының әкімшілік басшысы Қанат ШАНТЕМІРОВ пен Астрахан облысының халықаралық және экономикалық байланыстар министрі Денис АФАНАСЬЕВ.18 тамызда Атырауға көрші Ресей елінің Астрахан облысы губернаторының әкімшілік басшысы Қанат ШАНТЕМІРОВ бастаған делегация келді.

Ресейлік губернатордың өзі Атырауға келе алмады: оның алда болатын Каспий маңы мемлекеттерінің төртінші саммитіне, сондай-ақ, түрлі деңгейде сайлаулар, соның ішінде федерацияның 30 субъектісінің басшылары сайланатын бірыңғай сайлау күніне дайындық жұмыстарымен қолы тимей қалыпты. Делегация құрамында халықаралық және сыртқы экономикалық байланыс, денсаулық сақтау, мәдениет министрлері, өнеркәсіп, көлік және табиғи ресурстар, құрылыс және жол шаруашылығы министрлерінің орынбасары, Александр-Мариинский облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері және бизнес өкілдері бар.

19 тамызда Астрахан облысы делегациясы облыс әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВПЕН және облыстық басқарма басшыларымен келіссөздер жүргізді. Қанат Шантеміровтың айтуынша, екі көршілес облыста да ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді және ресейліктер Атырауға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді әрі қарай жандандыра беруге дайын. Ол Каспий ресурстарын игерудегі Астрахан облысының үлкен әлеуеті туралы айтып кетті. Облыста жұмыс жасап тұрған база кез келген кемені, соның ішінде мұнай саласында қолданылатын барлау платформаларын да жөндеуге мүмкіндік береді.

Шантеміров мырза екі облыстың денсаулық сақтау саласындағы әлеуетін де белсенді қолдануға шақырды. Астраханда халықаралық беделі бар, оталардың түр-түрі жасалатын федералдық мәндегі кардиологиялық орталық бар.

- Күрмеуі қиын халықаралық жағдайларда, Украинадағы оқиғаларға байланысты белгілі халықаралық күштердің Ресейге салып отырған қысымы кезінде бізге көрсетіп отырған моральдық және саяси қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз, -деді Қанат Шантеміров.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, 2013 жылы Атырау облысынан Ресейге шығарылған экспорт 35,5 млн, ал, импорт 272 млн долларды құрады. Біз көршімізге мұнай және мұнай өнімдерін, тірі балық жібереміз. Ал, олардан мұнай және мұнай өнімдері, азық-түлік, қалбырланған өнімдер, құрылыс материалдары және т.б. аламыз. 2014 жылғы қаңтар-мамыр айларында Ресейден Атырауға келген импорт 37,4%-ға артып, 130,8 млн долларды құрады. Ал, экспорт, керісінше, 73%-ға күрт төмендеп, 7,3 млн долларға түсті. Атырау облысы аумағында Ресей капиталының үлестік қатысы бар 178 кәсіпорын тіркелген. Олардың араларында мұнай және газ, құрылыс саласына қызмет көрсететін, жабдықтар мен механизмдер жеткізумен, жүк тасымалдаумен, азық-түлік көтерме саудасымен, бөлшек саудамен автокөлік сатумен айналысатын кәсіпорындар бар.

 

Келіссөздерден кейін қонақтар Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау мен Бейбарыс сұлтан ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін оларды Атырау облысы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ қабылдады. Өңір басшысы қонақтарға өлкеміздің инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты. Мұнай саласында, құрылыс индустриясында түрлі жобалар жүзеге асуда, биыл 50-ден асадәрі түрін шығаратын фармацевтік фабрика құрылысы басталмақшы. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық туралы айтып өткен облыс әкімі экономикалық санкциялардың енгізілуіне алаңдаушылығын білдірді. Алайда, барлық жағдайлар жақсы жағына қарай реттелетініне сенімді екенін жеткізді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ 

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.