Атырау, 25 сәуір 07:07
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жеңіс сыйлаған би

3 276 просмотра

Гүлсина БАЙКЕНОВА жетекшілік ететін балет студиясының бишілері мен мүмкіндігі шектеулі таланттарға арналған «Адажио» дуэтінің бишілері жеңіспен оралды. Олар Польшада өткен «Мәдениет шеруі-2014» Халықаралық жобасының әртістік жазы» конкурс-фестиваліне қатысып қайтты.

Биылғы жылы Польша, Беларусь, Украина, Словения, Германия, Ресей (Татарстан, Башқұрстан, Карелия, Якутия), Молдова, Эстония және Қазақстаннан келген қатысушылар үшін конкурс өзінің 10-шы мерейтойлық маусымын ашты. Осы конкурсқа Қазақстан атынан екі ұжым қатысты – Шымкент қаласынан «Айгөлек» ансамблі және Гүлсина Байкенова жетекшілік ететін мүмкіндігі шектеулі таланттарға арналған би мектебінің балет студиясы мен «Адажио» дуэті.

Асылай АҚБЕРГЕНОВА мен Нұрлан ЖАЛҒАСПАЕВТАН тұратын «Адажио» дуэті қазылар алқасына «Медленный вальс» би қойылымы мен «Часы времени» сюжетті композициясын ұсынды. Сонымен қатар, Гүлсина Байкенованың балет студиясының оқушылары мен «Адажио» дуэті «Театр танца и национального костюма» аталымында да өнер көрсетті. Бұл жерде балалар Гүлсина Байкенованың авторлық қойылымындағы «Дала сазы» шағын спектаклін ұсынды. Спектакльде қазақ композиторлары Құрманғазының, Ықыластың және Болат Қохамановтың музыкасы ойнады. Солист ретінде Асылай Ақбергенова, Нұрлан Жалғаспаев және Гүлсина Байкенова өнер көрсетті.

- Бұл қойылымда біздер қазақтың дархан даласының бар байлығын көрсеткіміз келді. Сахнаға «Алтын адам» да, сақ патшайымы Тұмар да шықты, «Аластау» ырымы мен дәстүрлі «Шашу» рәсімін көрсеттік. Балет студиясының оқушылары дала құстарының, қаңбақтың, дала желінің образдарын сәтті көрсетті, - деп бөлісті өз әсерімен Гүлсина Байкенова. – Менің ойымша, біздің қойылым қазылар алқасын өзінің ерекшелігімен бірден баурап алды, біз модерн, халықтық және классикалық хореграфияны біріктіруге тырыстық. Әсіресе, қазылар алқасы, өздері айтқандай, «орындаушыларды мүмкіндігіне қарамай біріктіргенімізді» ерекше атап өтті – сахнада бір биді дені сау бишілермен бірге мүмкіндігі шектеулі бишілер де билеп шықты.

Қорытындысында «Адажио» дуэті мен би театр-студиясы «Театр танца и национального костюма» аталымы бойынша І орын мен жеңімпаздар кубогін жеңіп алды. Осы театр-студия ұжымына Әртістік жаз-2014 конкурсының Гран-при сыйлығы бұйырды. Гүлсина «Үздік хореограф» арнайы сыйлығына ие болды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Сурет Гүлсина Байкенованың жеке мұрағатынан

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.