Атырау, 18 сәуір 22:32
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Киіз үй - өнер туындысы

15 470 просмотра

Облыстық өлкетану музейіндегі ең көзге түсер экспонаттардың бірі – қазақ киіз үйі.

- Қазақ киіз үйінің ішкі көрінісі өзінің алуан түстерімен және әсем жиһаздарымен, ою-өрнектерінің әсемдігімен ерекше, - дейді музейдің экскурсия бөлімінің меңгерушісі Оксана ӘЛЖАНОВА.Мәселен, мына түкті кілемдерге қараңыз. Олар төрден кіреберіске дейін айналдыра керегеге ілінген. Кілемдердің саны үй иесінің әл-ауқаты қандай дәрежеде екенін көрсететін болған.

Түксіз ою-өрнекті кілемдер – алаша, тақыр кілем, орама кілем, араб кілемдері де киіз үй қабырғасы мен еденін безендіреді. Қалыңдық ең жақсы кілемін сүйікті отағасына сыйлайтын және онымен иесін соңғы сапарға шығарып салатын.

- Мата кілемді Қазақстанның отырықшы және көшпелі халқы мәдениетінің жоғарғы жетістігі деп атауға болады. Сонымен қатар, кілем бұйымдарында қызыл түстің міндетті түрде болатынын атап өткен жөн. Бұл жай кездейсоқтық емес. Қазақтарда қызыл түс -  жастықтың, әдеміліктің және көркеюдің белгісі. Шеберлер өз бұйымдарының әсемдігі үшін ойран, индиго, көкшағыр сияқты табиғи бояуларды қолданған.

Киіз үйдегі әр заттың өз мәні бар. Мысалы, есік пен кереге арасын бекітетін бау– таңшық. Уықтың үстіне жабатын киізді байлайтын матадан жасалған жіңішке бау – Үзік жоғарыдан төменге төгіліп, мерекелік нышан береді. Керегелер ою-өрнекті жалпақ бау – басқұрмен байланады. Олардың ұзындығы киіз үйдің көлеміне қарай 8 метрден 25 метрге дейін жетеді.

- Осы бір керемет өнер туындылары жіңішке ұршықты өрмек білдегінде тоқылды. Экспозициялар арасында Мақат ауданының тұрғыны Ағилаш Қалыбековадан алынған білдек қойылған.

Түкті, түксіз және аралас кілемдерден тұрмыстық бұйымдардың қаптамалары, дорбалар да әзірленген. Керме – түрлі заттарды сақтауға арналған асынбалы дорба, төсекқап – көрпе-көпшіктерді сақтауға арналған қап, әбдірежапқыш – сандық үстіне жаятын жайма, қоржын – жолға шыққанда заттарды тасуға арналған дорба.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Анастасия ПАСТУХОВА

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.