Атырау, 19 сәуір 16:36
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сөз көп, ақша жоқ

2 402 просмотра

Үстіміздегі жылдың басынан бастап біздің облысымыздағы екінші деңгейлі банктердің филиалдары заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 46,7 млрд. теңге несие берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  59% жоғары. Осындай қарқынға қарамастан облыстың ауылшаруашылығын несиелеу бұрынғысынша, өте төменгі деңгейде,  жалпы  берілген займдар көлемінің бар-жоғы - 0,3% құрап отыр. 

Мамандардың пікірінше, экономиканың нақты секторының несиелеу көлемінің өсу динамикасын жақсы деп бағалауға болады, әсіресе, тәуекелдік кредиттеудің жоғары емес деңгейінің сақталуы, яғни, мерзімі өткен берешектер үлесі 7% құрайды. Ұлттық валютаның тұрақтылық ұстанымы өз жемісін беруде – адамдар займдарды дәл осы теңге түрінде алуды қалайды. Ауылшаруашылығы үшін қарыз алу көлемі төмен. 2010 жылдың 1 маусымындағы мәліметтермен салыстырсақ, ауылшаруашылық субъектілерінің несиелеу көлемі 1,3 есеге өсті, қазір ол барлығы 265,1 млн. теңгеге тең болды және берілген жалпы займдар көлемінің 0,3%  құрайды. Түрлі жиналыстарда шаруа қожалықтарының басшылары егіс алаңдарын кеңейту, тозығы жеткен техниканы ауыстыру, мал басын арттыру  және басқа қажеттіліктер үшін қаржының жетіспейтіндігін айтып жатады. Алайда, банктер әзірге селоны несиелеуді қамтамасыз ете алмай отыр.

«Өкінішке қарай, ауылшаруашылығы әзірге қаржылық жағынан қамтамасыз етілмеген және шетелден қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндігі жоқ экономика саласы. Бұдан басқа, ол капитал салу үшін басымдық сала болып есептелмейді. Банк займдарын әдетте, үлкен егістік жерлері бар, ауылшаруашылық техникасының паркі бар ірі шаруашылықтар ғана алу мүмкіндігіне ие. Шағын шаруашылықтар көптеген қаржы институттарының назарына іліккен»,-дейді ҚР Ұлттық банктің Атырау филиалының статистика және экономикалық талдау бөлімінің бас экономист-маманы  Айнагүл АҚҚҰЛОВА. Оның пікірінше, селолық займшыны екінші деңгейлі банктер үшін тарту ауылшаруашылығындағы тәуекелділікті сақтандыру болып табылар еді (табиғи апаттар салдары, базарларда бағаның өзгеруі және т.б.). Ауылшаруашылығын сақтандырудың түрлі бағыттары бар, тәуекелділігі басым емес және ауылшаруашылығы дамыған елдерде жеке сақтандырулар жүргізіледі. Кейбір елдерде сақтандырудың мемлекеттік жүйесі жұмыс жасайды.  Бұл біз үшін қажетті бағыт болар еді. Алайда, шаруа әзірге мемлекеттің көмегіне ие бола алмайды. Қағаз жүзінде бәрі бар, тіпті, «Даму» қоры арқылы қолдау көрсететін  бағдарлама да бар. Ал, іс жүзінде фермерлер үшін несие алудың өзі оңай шаруа емес.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 шілде 2011, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.