Атырау, 24 сәуір 14:41
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жаңалықтар беттерінде жарияланған жарнамалар

1 487 просмотра

***

Атырау  инженерлік-гуманитарлық институты   түлектерінің  жетістіктері

Біздің институтты бітіруші түлектер «АДЖИП»  компаниясымен ынтымақтастық негізінде «Арнайы жоба  Жаңа Бастама – Мұнай ұңғымаларын пайдалану» конкурсына қатысып, жоғары оқу орындары арасында жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Біздің түлектеріміз  Адешов А, Айтмұхамбетов С, Ахметжанов Б, Алмұханов М, Самиғоллаұлы Ж, Сарқұлов М, Тұғанбаев Н конкурста жеңімпаз атанды. Олар конкурс нәтижесі бойынша «АДЖИП»  компаниясына жұмысқа орналасты.

АДЖИП ККО  Кадр және ұйымдастыру департаментінің директоры Д.Шутобіздің студенттердің білім дәрежесінің пайыз бойынша басқа жоғары оқу орындарынан ілгері екендігін атап көрсетті. Сол себепті институт ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Е.У.Ихсановты алғыс хатпен марапаттады.

Бітіруші түлектердің жетістігі – бұл институтымыздың жетістігі, Қазақстандық және әлемдік білім беру жүйесінде институттың бәсекеге қабілеттілігінің жарқын үлгісі. Институт өз түлектерімен қуатты.

 

***

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған