Атырау, 28 наурыз 23:03
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Мен не деймін, енекем не дейді?

2 885 просмотра

Жайық-Каспий Орхусс орталығында өткізілген «дөңгелек үстелдер» онсыз да белгілі проблеманы тағы бір жария етті. Жұртшылық пен табиғат пайдаланушылар түрлі тілдерде сөйлейді. Мәселе аударманың қиындығында да емес.

 

ТЕХНОЛОГИЯ МЕНЭКОЛОГИЯ

Бұл жерде аударманың қатысы жоқ. Бұл тілдер халықаралық лингвистикалық дерекқорға тіркелмеген – ол жерде табиғат пайдаланушының тілі мен жергілікті тұр-ғындар тілі жоқ. Ал олар бізде бар. Олардың арасында бүгінгі күнде де түсіністіктің жоғы содан.

Жұртшылықтың шақыртуын ілтипатпен қабылдаған «Теңізшевройл» мен ісін жалғастырушы «НКОК»-пен бірге «Аджип ККО» компаниялары «2011 жылға табиғат қорғау шараларының жоспарын» оқып шықты. Таныстырылымнан кейін ҮЕҰ-дар мен түрлі деңгейдегі экологиялық департаменттер алаңдаушылық білдіріп, сұрақтар қоя бастады.

Атап айтқанда, көпшілігіне экологиялық шаралар жоспарына өндірістік мақсаттағы тармақтар толықтай саналы түрде енгізілгендей көрінді. Осылайша, белгілі бір ракурстағы және әсіресе сауатты терминология қолданылған техникалық шаралар қоршаған ортаға қамқорлық  түрін-дегі жұмысқа айналыпты. Мәселен, ТШО осындай тармақтардың бірін экологиялық тұздық құйып ұсынған. Оның екі мағыналы екендігіне қатысты «Мегаполис» ҚБ жетекшісі Наталья ИВАСКЕВИЧ дау айтты:

- Түсіндіріңізші, неліктен ағын суларды ағызу мен өңдеу жүйелерін жаңарту мәселелерін және күкіртті пайдаға асыру жобасын табиғатты қорғау шараларына жатқызасыз? Бұл зауыттың технологиялық мұқтаждықтары ғой.

- Күкірт карталары өте үлкен учаскені алып тұр. Күкірт мөл-шерін азайту жер алаңын азайтуға мүмкіндік береді. Су Батыс Қазақстанда құнды, қымбат ресурс боп табылады. Біз тұтынатын су мөлшері  былайша бөлінеді: 50 пайыз адамдар қажеттігі үшін, 50 пайыз зауыттың технологиялық мұқтаждықтары үшін пайдаланылады. Егер біз «Ағын суларды ағызу мен өңдеу жүйелерін жаңарту» жобасын жүзеге асырсақ, бұл біз пайдаланып отырған су мөлшерін азайтуға мүмкіндік берер еді, - деді тұйықтан жол тауып кеткен ТШО-ның өндірісті оңтайландыру, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және қауіпсіздік техникасы департаменті бөлімінің техникалық менеджері Лоуренс БАЙЕРС.

Алайда өзен суын тұтыну қаншалықты азаятындығы жөнінде  ТШО тіпті болжамды мәліметтер де келтірмеді.

Байерстің айтуынша, жобаны орындауға үш жыл бөлінген. «Тек сол кезде ғана нақты айта аламыз», - дейді ол.

 

«БІЗ ӨЗІМІЗДІ УЛАПЖАТЫРМЫЗ»

Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің бас менеджерінің орынбасары Линси КРЕЙН оқыған мәліметтер өте оптимистік тұрғыда болды. Оның айтуынша, зауыт шығарындылары ешқашан оның санитарлық аймағынан әрі таралмайды екен.

- Облыстық әкімдіктегі отырыстардың бірінде Атырау қаласының айналасында ТШО шығарындыларынан қаланы қорғайтын «жасыл белдік» қажеттігі туралы пікір айтылды. Алайда біздің шығарындылар санитарлық қорғау аймағынан шықпайды. Қорғаныс аймағының айналасында датчиктер бар, олар ештеңе де көрсетпей отыр. Сондықтан әкімдікке «жоқ» деген жауап айтылды. ТШО-да көгалдандыру жөніндегі шаралар санитарлық аймақ ішінде қатаң қарастырылған.

- Жұртшылықты зауыт аумағынан тыс жерде компанияның қандай табиғат қорғау шараларын жүргізетіні көбірек қызықтырып отыр, - деп сауал тастады Орхусс орталығы үйлесті-рушісінің міндетін атқарушы Шынар ІЗТЕЛЕУОВА.

– Біздің шығарындылар санитарлық қорғау аймағынан аспайды, - деп қайтадан Крейн жоғарыда айтылғандарды жұртшылықтың есіне салды. – Құлсары поселкесіндегі немесе Жылыой ауданындағы жасалып жатқан істер компанияның өз ықтиярымен жүзеге асырылып жатыр.

 

«ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДІ ӘКІМДІК  ОТЫРҒЫЗСЫН»

«Аджип ККО» компаниясының табиғат қорғау шараларының үстіміздегі жылғы жоспары таныстырылғанда қатысушыларда біркелкі сұрақтар туындады. Тек арадағы диалог қана мәселенің маңыздылығын еске салып өткендей болды.

- Табиғат қорғау шараларына компанияның өндірістік процеске бағытталған шараларды енгізгендігіне назар аударсаңыздар екен. Табиғат қорғау шаралары қала мен аймақтағы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталуы тиіс. Осыған байланысты осы Табиғат қорғау шараларын бізге ұсынудың қаншалықты орынды екенін білмедім. Өйткені жұртшылық сіздерден мүлдем басқа нәрсені естігісі келеді. Сіздердің қоршаған ортаға әсер етуді бағалау жөнін-дегі жұртшылық тыңдауында «жасыл белдеуді» сіздердегі вахталық поселкенің айналасында емес, қалаға жақын орналасқан зауыттың айналасында дамыту мәселесін қойған едік. Сіздерде тіпті қала маңын көгалдандыру бағдарламасы жасақталған еді ғой. Бірақ бұл қымбат тұратын жоба деп айтылды. Сонымен болды ма? – деп сұрақ қойды «Глобус» ҮЕҰ жетекшісі Галина ЧЕРНОВА.

- Экологиялық тұрғыда кез-келген процестегі ең бастысы – қоршаған ортаға әсер етудің алдын алу қажеттілігі. Атырау қаласын көгалдандыруға келер болсақ, бұл компанияның жауапкершілігі боп табылмайды. Бұл әкімдіктің жауапкершілігі, мен жауап беруге дайын емеспін, - деді денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау стратегиясы мен жүйелері жөніндегі менеджері Нелсон ОЛИВЕРС.

«Каспий табиғаты» ҮЕҰ жетекшісі Махамбет ХӘКІМОВшаралар жоспарының кестесін-дегі ең ірі соманың экологиялық делінгенімен технологиялық процестерге жатқызылатын шараларға салынғандығына назар аударды:

- Олардың барлығы кіршіксіз орындалуда, ал шынайы экологиялық шараларға – жануарлар әлеміне немесе акваторияға салынған сомалар тоқтап тұр. Мемлекеттік бағдарлама бойынша ең алдымен ауданға толықтай экологиялық зерттеу жүргізілуі тиіс қой. Егер бұл уақытында істелмеген болса, онда ертең мұнай жұмыстары басталған кезде сіз оны зерттегенмен, әсер басқаша болады ғой.

Оливерстің айтуынша, бұл маусымдық себептерге ғана байланысты екен:

– Қысқы маусымда зерттеу жүргізілмеді, - деді ол.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

14 шілде 2011, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.