Атырау, 18 сәуір 22:51
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Лимитке тәуелді өмір

3 123 просмотра

Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылының тұрғындары ауыз су мәселесіне тап болды.

- Су сағатпен беріледі, бір-бір сағаттан таңертең, түсте және кеште. Бірақ ол да жарытымсыз, шелегімізді кейде зорға толтырамыз, - дейді тұрғындар.

Ауыл суды Қиғаш-Маңғышлақ су құбырынан алып отыр. Ол суды босатушы - «ҚазТрансОйл» ЖШС. Мекеме келісімшартта көрсетілген лимит бойынша ғана суды босатуда. 

Тұрғындар су тапшылығына қатысты жергілікті әкімдік пен ауылды сумен қамтушы мекеме - «АққыстауСуАрнасы» ЖШС-іне шағымданған. Алайда, одан нәтиже жоқ. 

Хамит Ерғалиев ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыз су құбырлары өткен жылы жүргізілген. Бірақ жағдай жақсарудың орнына қиындай түсті.

- Осы кезге дейін бұл ауылға айына 4 мың текше метр су беріліп келген болатын. Ол жетіп жүрді. Жаңа құбырлар іске қосылысымен су тапшылығы сезіле бастады, - дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Артур ҚУАНЫШКЕРЕЕВ. - Оның үстіне жергілікті тұрғындар жаз айларында бау-бақшасын суаруға, көліктерді жууға осы суды пайдалануда. Бұған дейін жетіп жүрген суды енді сағаттап беруге тура келіп отыр.

- Бұл мәселе қашан шешімін табады?

- Айта алмаймын, мүмкін келесі жылы... Су лимитін көбейту керек.  

«АққыстауСуАрнасы» ЖШС директоры Ақкүміс АМАНБАЕВА жағдайға былай түсінік берді:

- Біз су лимитін «ҚазТрансОйл» ЖШС-не күзде бекітеміз. Бұрын бұл ауыл жартылай құбырмен ішіп отырған болатын. Жылдың аяғында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында бұл ауыл сумен 100 пайыз қамтылды. Ал, ауылдың түгел құбырдан су алуға көшетіні жөнінде аудан әкімдігі бізге ескерткен жоқ. Ертерек айтқанда, біз лимитті көбейтіп көрсететін едік. Енді бұл ауылға айына 4 мың емес, 8 мың текше метр су қажет. Біз су лимитін көтеру жөнінде серіктестікке шықтық, жуық арада өтініштер қанағаттандырылады деп ойлаймын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.