Атырау, 28 наурыз 23:48
 ашықВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Аптап ыстық өтті ме?

4 088 просмотра

Атырау аймағында соңғы рет бұдан көп жылдар бұрын байқалған аптап ыстықтың ең жоғарғы температурасы тіркелді.

Облыстық Қазгидрометеоорталықтың жетекші инженер-синоптигі Күләйна Мырзалиева хабарлағандай, аптап ыстықтың ең жоғарғы температурасы 7, 8 және 9-ші шілде күндері Қарабау, Құлсары, Махамбет және Жаңа Ұштаған поселкелерінде тіркелді. Көлеңкедегі температура Цельций бойынша 45 градусқа дейін көрсетті. Ал, күн астындағы ауа температурасының қандай болғандығын білу қиын емес.

Бұл күндері Атырауда аз да болса «салқындау» болды – 41-42 градус.

Өкінішке қарай, бізге мұндай ыстықтың нақты қанша жыл бұрын болғандығын анықтау мүмкін болмады, өйткені, орталықтағы құжаттар бес жылдан артық уақыт сақталмайды екен. Атырау облысында ауа-райын болжаушылар қызметін атқарғандардың айтуынша, мұндай ыстық он жыл бұрын болған екен.

Қазгидрометеоорталықтағылар мұндай температура үстіміздегі жаз үшін ең жоғары болды деп есептейді. Ыстық пен аңызақтың құшағында қалған облыс пен қала тұрғындарын бұл аптада бұлтты күндер мен өтпелі жауындар қуантатын болады. Облыстық орталықта ұзақ уақытқа ауа-райы болжамдарын жасамайды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В. Истомин

14 шілде 2011, 00:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.