Атырау, 20 сәуір 00:49
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстанның күн тәртібінде ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындау туралы мәселе жоқ - СІМ

1 456 просмотра

Фото: newskaz.kzФото: newskaz.kzАстана. 31 шілде. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің күн тәртібінде өз-өздерін сайлаған Донецк Халық Республикасын (ДХР) және Луганск Халық Республикасының (ЛХР) тәуелсіздігін мойындау туралы мәселе тұрған жоқ, деп мәлімдеді ҚР СІМ.

«ҚР СІМ ондай (ДХР мен ЛХР-дан олардың тәуелсіздігін мойындау туралы - ҚазТАГ) хаттарды алды. Аталмыш мәселе министрліктің күн тәртібінде тұрған жоқ, себебі ол Украинаның ішкі проблемаларының санатына жатады», - делінген бейсенбіде ҚазТАГ агенттігіне берген СІМ-ның жазбаша жауабында.

Сонымен қатар СІМ-дан Қазақстанның Қырым Автономиялық Республкиасының РФ құрамына кіруіне «түсіністікпен» қарайтындығы туралы 18 наруыздағы мәлімдемесін еске салды.

«2014 жылдың 16 наурызында Қырым Автономиялық Республикасында референдумның өткізілуіне байланысты Қазақстан БҰҰ жарғысына сәйкес халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сүйенетінін атап өтеді. Қазақстан Қырымда өткен референдумды сол Автономиялық республика халқының өз қалауларын еркін білдіруі деп қабылдады және орын алып отырған жағдайдағы Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайды. Біз Украинаның дағдарыстан бейбіт жолмен шығуын және БҰҰ мен басқа да авторитарлы халықаралық ұйымдардың қамқорлығымен келіссөз жүргізу процесі арқылы жол табуын қолдаймыз», - деген болатын сол кезде сыртқы саяси ведомстводан.

Еске салсақ, 2014 жылдың 12 мамырындағы референдумнан кейін өз-өзін сайлаған ДХР Ресейден олардың тәуелсіздігін мойындауын сұрады. 11 маусымда өз-өзін сайлаған ЛХР БҰҰ жарғысы мен теңқұқықтық және халықтың өз-өзін билеу қағидалары бекітілген халықаралық құқықтың қағидалар туралы декларациясына сүйене отырып, РФ-дан, Қазақстан мен тағы да 13 мемлекеттен оның тәуелсіздігін мойындауын сұрады.

17 маусымда ішінара мойындалған Оңтүстік Осетия ( РФ, Венесуэла, Никарагуа, Науру және Тувалу мойындаған) ЛХР тәуелсіздігін мойындады.

Украина президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Валерий Чалый 30 шілдедегі брифингіде ДХР-ны халықаралық деңгейде мойындау үшін Украина билігі халықаралық ұйымдармен және жекелеген мемлекеттермен белсенді жұмыс жүргізуді жалғастырып жатқанын айтқан болатын.

Дереккөз: ҚазТАГ

31 шілде 2014, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.