Атырау, 24 сәуір 10:10
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Ресейге салынған санкция Қазақстанға жаңа экономикалық мүмкіндіктер аша ма?».«Сот шешімі шықты».«Ресей және ЮКОС».«Мамандар санкцияның Қазақстанға әсер етер-етпесіне дауласады». «”Қашаған” “қара алтынын” бермейтін болды».«ЕЭАО нені көздейді».

2 628 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Ресейге салынған санкция Қазақстанға жаңа экономикалық мүмкіндіктер аша ма?» - Осы жұмада Ресей қатты қауіптенген Еуропалық одақтың кезекті санкциясы іске қосылады. Әрине, бұл Ресей экономикасының тынысын одан сайын тарылта түсері сөзсіз.

«Кинотеатр көп, бірақ өлі залдар одан да...» - Соңғы 10 жылда елімізде театрға барушылар саны 50%, музейлерге - 25%, кітапханаға - 40%, концерт залдарына – 100%-ға өссе, киноға деген қызығушылық – 400%-ға дейін күрт өскен.

TURKYSTAN.KZ     «Сот шешімі шықты» -  Адвокаттар "сауатсыз" деп бағалаған сараптама қорытындысы қайта жасалған жоқ.

«Ресей және ЮКОС» -  ЮКОС дауына нүкте қойылды. Гаага соты он жылға созылған ЮКОС компаниясы мен Ресей арасындағы дауды доғарып, біржақты шешім шығарды.

«Қажылықтан бас тарт деген кім?» - Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға қажылықты басқа кезеңге ауыстыруға кеңес берді.

AZATTYQ. ORG    «Мамандар санкцияның Қазақстанға әсер етер-етпесіне дауласады» - АҚШ пен ЕО осы аптада Ресейге байланысты жаңа санкциялар қабылдады. Қазақстандық мамандар көрші мемлекетке қарсы бұл шараның өз елдеріне қандай әсері боларын болжайды.

«ИШИМ Ирактың киелі орындарын қиратып жатыр» - ИШИМ ұйымы Ирактың солтүстік-батысын басып алды. Енді олар билігін нығайтуға тырысып жатыр. Бірақ өзін өзі жариялаған «халифат» әуелі «исламға қайшы» дүниелерді қиратуға кірісті.

«Мешітке барған жігіт шалбарына бола соққыға жығылды» - Қырғызстандағы Ош қаласының 19 жастағы тұрғыны мешітке балағы шолақ шалбар киіп келгені үшін таяқ жеді. Сарапшылар бұл оқиғаны діни радикализм деп сипаттайды.

AIKYN.KZ   «Әлішер КӘРІМОВ: Мені орыс тілінде ән айтуға мәжбүрледі» - Латвияның Юрмала қаласында өткен “Жас толқын - 2014” байқауында ел атынан бақ сынаған Әлішер Кәрімов журналистермен жүздесіп, өнер сайысынан алған әсерін бөлісті.

«”Қашаған” “қара алтынын” бермейтін болды» -  Бірақ Қазақстанға осы істемей тұрған кен орнынан да кіріс түсуде екен. Бұл туралы кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин хабарлады.

«Қызың кетті қырымға...» - Жуырда әлеуметтік желілердің бірінде сыртта білім алған қыздардың шетелдіктерге тұрмысқа шығуының жиілеп бара жатқаны, елге қайтпай, сонда қалып қоятындығы туралы пікірталас өрбіді.

ULT.   «Сәләфилер дегеніміз кімдер?» - ...және олардың Абдул Уахабтың жолын ұстаған салафилерден айырмашылығы қандай?

QAMSHY.KZ    «ЕЭАО нені көздейді» - Қазақстандық және ресейлік ақпарат беттері экономикалық одақтың өз валютасы болатыны туралы жарыса жазуда.

31 шілде 2014, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.