Атырау, 19 сәуір 10:49
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АҚШ конгресі Обаманы жауаптылыққа тартуға мүмкіндік беретін резолюцияны қолдады

1 263 просмотра

Фото golos-ameriki.ru сайтынан алынды.Фото golos-ameriki.ru сайтынан алынды.Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ – АҚШ конгресі Обаманы жауаптылыққа тартуға мүмкіндік беретін резолюцияны қолдады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Американ конгрессмендері АҚШ президенті Барак Обаманы денсаулық сақтау жүйесіне реформа жүргізу кезінде өкілеттілігін асыру пайдалану жауаптылығына тартуға мүмкіндік беретін резолюцияны қолдады. Сәрсенбі күні Конгресс өкілдер палатасының 225 мүшесі бұл шешімді қолдап дауыс берді, 201-і қарсылық білдірді», - деп жазады басылым бейсенбіде.

Күтілгендей-ақ, заң жобасын президенттің Республикалық партиядағы қарсыластары қолдады, оның жақтас-демократтары аталған бастамаға қарсы келді.

Мақұлданған резолюция өкілдер палатасының заңгерлеріне Б. Обамаға қарсы қажетті заңгерлік құжаттарды 1 тамызда басталатын алдағы парламенттік демалыс кезінде әзірлеп қоюға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚазТАГ

31 шілде 2014, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.