Атырау, 25 сәуір 16:11
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Ақтөбе» футболдан Чемпиондар Лигасының іріктеуінде румындық «Стяуамен» тең түсті

1 449 просмотра

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZАлматы. 31 шілде. ҚазТАГ – «Ақтөбе» футболдан Чемпиондар Лигасының іріктеуінде румындық «Стяуамен» тең түсті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчы Ақтөбеде өтті. Үзілістің дәл-ақ алдында қожайындар өкінішті доп жіберіп алды. Соған қарамастан, екінші таймда жағдайды дұрыстай біліп, ойынды 2:2 тең нәтижеге дейін жеткізе алды. Қонақтардың сапынан Клаудиу Кешеру мен Андрей Препелицэ көзге түсті. Қазақстандықтардан Валерий Коробкин және Роберт Арзуманян гол авторлары атанды.

Командалардың қарымта ойны 6 тамыз күні Бухарестте өтеді, онда ақтөбеліктер турнирдің келесі кезеңіне шығуы үшін кез келген есеппен ұтуы қажет.

Бүгін Еуропа Лигасы үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Астана» өз алаңында шведтің «АИК» клубымен шеберлік байқасады. «Шахтер» Қарағандыда хорваттық «Хайдукпен» кездеседі.

Дереккөз: ҚазТАГ

31 шілде 2014, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.