Атырау, 28 наурыз 14:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Несиелер, депозиттер және санкциялар

3 028 просмотра

Ұлттық банктің Атырау филиалы жарты жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

2014 жылдың 1 шілдесінде облыстағы банк филиалдарының несиелер бойынша бережағы 297,5 млрд теңге, жеке тұлғалардың – 161,6 млрд (2013 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 18,2%-ға көбейген), заңды тұлғалардың бережағы – 135,9 млрд (52,4%-ға өскен) құрады.

2014 жылдың қаңтар-маусым айларында облыстың екінші деңгейлі банктері 152 млрд теңгеге дерлік несиелер берген. Соның ішінде заңды тұлғаларға – 104,6 млрд (48,4%-ға өскен, бизнес көбінесе айналым қаржыларын толықтыруға, негізгі құралдар алуға қарыз ала бастаған, құрылыс пен қайта жарақтау бойынша қарыздар көбейген), жеке тұлғаларға - 47,3 млрд (4,7%-ға азайған).

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде облыстағы шаруа қожалықтарының кредиторлық бережақтары 188 млн теңгені құрады (68,5%-ға өскен). Жалпы көлемде қарыздар цифры мардымсыз – фермерлер мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі жеңілдік несиелерін қолайлы көреді, олар банктерден қарызды құлықсыз алады. 2014 жылдың маусымында заңды тұлғаларға шетелдік валютамен берілген несиелер бойынша орташа сараланған мөлшерлеме 10,4 пайыз, жеке тұлғаларға 19,4 пайызды құрады.

2014 жылдың 1 шілдесінде екінші деңгейлі банк филиалдарындағы депозит бойынша қалдықтар 2013 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 77,7 пайызға өсіп, 169,4 млрд теңгеге жетті. Осы соманың 61,2 пайызын салымшылар шетелдік валютада сақтайды. Депозиттердің жалпы сомасында жеке тұлғалардың үлесі 51,2% құрады.

Бұл жолы Қазақстанның алты қаласында, соның ішінде Атырауда банк филиалдары бар ресейлік ВТБ банкке қатысты Ресейге қарсы АҚШ-тың жаңа санкциялары туралы сұрақ қойылды. Ұлтық банк Атырау филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВТЫҢ айтуынша, өңіріміздегі бұл банктің қызмет ауқымы үлкен емес. Сондықтан «күшті теріс ықпалдың болуы» неғайбыл.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

31 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.