Атырау, 20 сәуір 09:44
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қысқа қайырғанда

1 171 просмотра

Атырауда Ақпараттық технология орталығы жұмысын бастады. Бұл жерде орнатылған серверлердің жалпы қуаттылығы 5000 жүйелік блокты құрайды. Мемлекеттік органда өз серверлері болмаған жағдайда орталық мәліметтерді сақтау жөніндегі хостинг қызметін ұсынады.

***

 

Тамыздың 1-інен бастап «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының «Гранд» (СВ) және «Бизнес» вагондарына жеңілдіктер енгізілді. Атап айтқанда, №19/20 Атырау-Астана және №77/78 Алматы-Атырау пойыздарының «Гранд» вагондарының билеті 10 пайызға арзан болады. Бұдан басқа, №49/50 Алматы-Ақтөбе, №19/20 Атырау – Астана, №87/88 Ақтөбе – Астана және №77/78 Алматы – Атырау жолаушылар пойызындағы «Гранд» және «Бизнес» вагондарындағы тариф демалыс күндері жұмыс күніндегі тариф деңгейіне теңестірілді (мереке қарсаңындағы және мереке күндерінен басқа).

***

 

Облыстық ХҚКО қызмет көрсету сапасы бойынша қазақстандық рейтингте 1-орын алды. Атырауда осы мерзім ішінде ХҚКО қызметкерлерінің құжаттарды ресімдеу кезінде ереже бұзғандығы тіркелмеген, сондай-ақ, клиенттер тарапынан шағымдар болмаған.

***

 

Атырау облысында 56 мекеме кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде медициналық көмек көрсетеді, оның 13-і – жекеменшік емханалар (тендер ұтқандар). Осы мақсатқа биылғы жылы 14 млрд 480 млн теңге (жергілікті бюджеттен 4 млрд 660,7 млн және республикалық бюджеттен 9 млрд 820,3 млн теңге) бөлінді.

31 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.