Атырау, 19 сәуір 15:03
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Премьер-Сити» мен Балықшы арасындағы айырмашылық туралы

2 193 просмотра

Биыл қыс маусымына дайындықтың екі айлығы бұрынғыша 1 қыркүйекте емес, 1 тамызда басталады.

Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ бірқатар тұрғын үй нысандарын аралау кезінде хабарлады. Әкім аралауды «Премьер-Сити» тұрғын үй кешенінен бастады. Осы аттас ПИК-те 16 үй бар, оның 15-і гидравликалық шаю жұмыстарынан өткен. Бір таң қаларлығы – бұл едәуір жаңа кешен, алғашқы үйлер 2004 жылы беріле бастаған. Бұл жерде жертөле орынжайлары жоқ, іргеқабаттарда кафе, дүкендер және т.б. орналасқан. Бес үйде жылу өлшегіштер орнатылған, басқа үйлерге тұрғындар жылу ақысын төлеу кезінде үнемдеу үшін жабдықты сатып алуға әзір.

Көппәтерлі 932 үйдің бүгінде 540-ы қысқа дайын. Жаз ортасында бұл әзірліктің әдеттегі пайызы болып отыр, - деді қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ.

Балықшыдағы ахуал одан да қиын. Бұл жердегі тұрбалардың орталық ЖЭО-на қосылмағаны және балықшылықтардың жылуды қазандықтан алып отырғаны белгілі. Көпшілігі жылу ақысын жылдап төлемейді: «Құспанов» ЖК (бұрынғы «Таза құбыр» ЖШС) алдындағы жергілікті тұрғындардың жалпы қарызы - 47 млн теңге. Алты жылу қазандығының жартысы істен шыққан. Бұл туралы сараптама қорытындысы бар.

47 млн теңге 2005 жылдан бері жиналып қалған. Осындай мөлшерде біз де өз тарапымыздан «АСА», «Энергосату» және «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалына қарызбыз. Өткен жылдары тұрғындар есепшоттарын белсенді түрде төлеген еді, ал қазір тек жыл басынан бері 17 млн теңге қарыз болып отыр. Біздегі тариф жоғары емес, бір шаршы метр үшін 36 теңге. Тұрғындардың көпшілігі тіркелмеген, пәтерлер жалға берілген, - дейді «Құспанов» ЖК директоры Кристина ҚҰСПАНОВА.

Екі жыл бұрын Балықшыны ЖЭО-на қосу жобасы жасақталды, бірақ оны жүзеге асыруға 3 млрд теңгеден астам қаржы керек. Бұл жерде республикалық бюджеттің көмегінсіз мүмкін болмайды. Ал қазандықтарды ауыстыруды билік қолға алған. Осы мақсатқа 105 млн теңге бөлінді. Жұмыстар тендер өткізілгеннен кейін басталады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.