Атырау, 20 сәуір 08:46
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сабина Алтынбекова америкалық БАҚ-та талқыланып жатыр

1 993 просмотра
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың сыртқы келбеті жайлы енді америкалық БАҚ талқылай бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Huff Post басылымының пікірінше, 17 жастағы спортшы волейбол ойыны үшін тым әдемі. "Спорт Азияда интернет-сенсацияға айналған қызға кедергі келтіретін сияқты. Қыздың танымалдығы спортта табысқа жетуге кедергі келтіреді - волейболдан 19 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында көрермен тек қана Алтынбековаға қарап отырды, алаңда ойын болмаған сияқты", - деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекованың көркін ең алдымен қытай жанкүйерлері байқаған еді. Тайпейде өткен волейболдан Азия чемпионаты кезінде спортшы журналистер мен интернет-қолданушылардың назарын өзіне аударды. Фанаттар қызға сыйлық жолдай бастады. Оның әлеуметтік желідегі оқырандарының қатары ә дегеннен 200 мыңнан асты.

Сабина Алтынбекова мұндай танымалдыққа өзінің де таңданып жүргенін айтты. Қыздың айтуынша, оның мақсаты - Қазақстанды халықаралық ареналарда танытып, өз құрамасына пайда әкелу. Волейболдан жастар құрамасының бапкері Нұрлан Садықов Алтынбековаға әлем жұртшылығының назары ауғанын жақтырмай отыр, оның айтуынша, мұндай жайт ұжымдағы өзге қыздарға кері әсер етеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

30 шілде 2014, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.